Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Тақырып: Адам және қоғам
9 сынып
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: әлеуметтік әділеттілік; тірі жанға зиян келтірмеу; жақсы азамат болу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адам мен қоғам туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: Оқушыларға қоғамның адам үшін маңыздылығын жан - жақты аша отырып, әлеуметтік әділеттілік туралы түсінік беру
Оқушылардың жақсы азамат болуға баулу;
Оқушыларды тірі жанға зиян келтірмеуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару
2. Тыныштық сәті. Орманға саяхат
Арқаларыңызды тік ұстап отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыздар. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқандарыңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныдарыңызды елестетіңіздер. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым - жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым - жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Туған күн З. Жұманова 121 бет
4. Дәйексөз:
Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса
Мақал
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
5. Оқиға айту
Ормандағы ағаш адамдар
Қалың ну орманда кішкентай ағаштан жаратылған адамдар өмір сүріпті. Олардың көп болғандығы сонша, ну орманды түгелдей өздері басып алған екен. Олардың бір - бірімен айқұш - ұйқыш шатасып орналасқаны соншалық, түнде орманда олардың арасымен өту өте қиын болған. Олардың дауысы ағаш дауыс болған, ал ең қорқыныштысы - олардың жүректері ағаш болған екен. Бұл байғұстар сүйіспеншіліктің, аяушылықтың, қайғы - мұңды бірге бөлісудің, жылаудың, көз жасы дегеннің не екенін мүлде білмеді. Олар қолдарына түскеннің бәрін: құс па, аң ба, бәрін - бәрін өлтіріп, күл - талқанын шығарады екен.
Бір күні орманға бір кішкентай қыз келіп, адасып кетеді. Қыз бір ағаштың түбіне отыра кетіп, жылай бастайды. Жылап отырған қызды көріп, қасына бір ағаш адам жақындап келіп, өзінің ағаш даусымен:
- Мұнда неғып жүрсің? - деп сұрайды.
- Адасып кеттім.
- Мм, ал қолыңдағы не?
- Жас.
- Жас деген не?
- Жас жылағанда шығады.
- Ал жылау деген не?
- Жаның ауырғаны, қайғырып мұңайғаның.
Ағаш адамға бұл мүлде түсініксіз болды, өйткені өзі ешқашан жылап, мұңайып көрген жоқ қой. Ағаш адам қызға жол көрсетіп келе жатқанда қыз:
- Ақырын жүрші, жүрегім ауырады, - деді.
Ағаш адам: Жүрек деген не?
Қыз кішкене ойланып барып: - Адам онсыз өмір сүре алмайды, - дейді.
- Көрсетші өзіңнің жүрегіңді.
- Ол менің кеудемде соғып тұр.
- Ал маған сондай жүрек бола ма?
Қыз алдымен Жоқ деп, кішкене ойланып барып: Мұнда бір жақсы дәрігер бар, ол жаңа ғана қайтыс болған адамдардың жүректерін жинайды, мен сені соған апарайын дейді. Қыз ағаш адамды дәрігерге алып келеді. Дәрігер: - Сендерге не керек? деп сұрайды. Ағаш адам: Мен мына адамдардікіндей мейірімді жүрек алғым келеді.
- Қатігез жүрек керек емес пе?
- Жоқ дәрігер мырза, тек қана мейірімді жүрек керек, қатыгездікте өмір сүру қорқынышты.
Дәрігер бір сөреден шыны банканы алып, оны ағаш адамға ұсынады.
- Міне нағыз мейірімді жүрек. Болмашы айғай, шуды сезеді, дірілдейді, себебі ол бәрі үшін ауырады, бәрін аяйды.
- Иә, иә, міне маған керегі де дәл осындай мейірімді жүрек,- деп ағаш адам қуанып кетті.
- Өкінбейсің бе?
- Жо - жоқ, өкінбеймін
- Бұл мейірімді жүрекпен сен көп қиналасың, қасірет шегесің ғой.
- Жақсы, жақсы дәрігер мырза, түсініп тұрмын.
Сөйтіп дәрігер ағаш адамның кеудесін ашып, оған адамның мейірімді жүрегін салып беріп, қоя берді.
Ағаш адам орманға келіп, өзінің туыстарымен бірге өмір сүре бастайды. Өзінің аға - інілерінің жасап жатқан қиянат, қорқынышты істерін көріп қатты қиналады, ауырады. Олардың аяушылық, мейірімділік, қайрымдылықтары жоқ жабайылықтары жанын түршіктірді. Олар бірін - бірі сындырды, жақты, әлсіздерді ұрды - соқты, қорғансыздарға зорлық - зомбылық көрсетті, бір сөзбен айтқанда қиянаттан басқаны білмеді.
Сендер не істеп жатырсыңдар, неге сондай қатігезсіңдер? Неге сендердің жүректеріңде бір тамшы аяушылық, мейірім жоқ? деп мейірімді жүректі адам өзінің бауырларына күнде налып қиналды. Сонда бір қарт ағаш адам: Немене сен бізге қайта - қайта қатігезсіңдер, аяушылықты білмейсіңдер, жандарың ешкімге ауырмайды деп айта бересің, оқыта бересің? Бәрі үшін ауыра бере алмайсың, бәріне бірдей көмектесе алмайсың, біреу үшін аурып, бәріне бірдей жаның аши берсе, өзің ұзаұ өмір сүрмейсің. деп мейірімді жүректі адамға ұрсып тастайды. Жаны қиналған мейірімді жүректі адам анадай тұрған бір ағаштың түбіне тұра қалып қатты - қатты өксіп жылп жібереді. Сол сәт анадай бір ағаштың түбінде тоңып, үсінуге аз - ақ қалған бір баланы көріп, жақындайды. Балада тіршілік нышаны байқалмайды. Мейірімді жүректі адам оны жұлқылып, Тұр, тұр, әйтпесе үсініп қаласың деп айқайлайды, бірақ бала қозғалмайды. Бұлардың қасына барлық ағаш адамдар жиналып, бұны мысқылмен күліп, мазақ етеді. Олардың соншалықты қатігездіктеріне қарап, мейірімді жүректі адамның тағы да жүрегі ауырады, жаны қиналады. Сөйтіп мейірімді жүректі адамның жүрегі біресе өлім мен өмірдің арасында жатқан баланы аяп, қатігез бауырларының ісіне ауырғаны соншалық, оның жүрегі лаулап жалындап жана бастайды. Жалын қолдарына жетеді, ол сол қолдарының жылуымен тоңып қалған баланы жылыта бастайды, мейірімді жүректі адам жана береді, жана береді, ал бала оның сол қызуына жылына береді, жылына береді. Әбден жылынған бала орнынан тұрып, орманнан шығып жүре береді, ал мейірімді жүректі адам жанып - жанып, басы ғана қалады. Бауырлары оны көріп: Ал, осынша түгің қалмай жанғанда тапқан пайдаң не? деп сұрайды, сонда мейірімді жүректі адам: Өзімнің жылуыммен басқаларды тірілтіп барып өлген - мен үшін керемет, қасиетті іс дейді. Ал, ендеше, неге жылайсың? деген бауырларына Білесіңдер ме, мен сендерді аяп жылаймын деп мейірімді жүректі адам көз жұмады.
1. Адасқан қыз бен ағаш адам не туралы әңгімелесті?
2. Ағаш адам қандай шешімге келді және неліктен?
3. Осы әңгімедегі кейіпкерлердің бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?
Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі КММ
Мұғалім: Маликова Т. М.
Адам және қоғам. жүктеу