ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІЖылы сөздің бәрі жылылыққа жете бермейді

Скачать

ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІ
Жылы сөздің бәрі жылылыққа жете бермейді.
* * *
Өзіңді - өзің түсінбесең - өзге сені қалай түсінсін?
* * *
Өзіңнің тілегің - өзгенің жүрегіне байланысты.
* * *
Жаныңда жүрген жанның жабайы пиғылы – жаныңа пышақ сұққанмен бірдей.
* * *
Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас, біркелкі секілді.
Араласа түскенде адамдар бір - бірінен соншалықты алыс, тіпті керағар, әркелкі екенін сезе түсеміз.
* * *
Кейде төбеге қараймыз деп төмендегіні ұмытамыз.
Жазықты көреміз деп жанымыздағыны көрмейміз.
* * *
Адам өзін қарапайым ғана ұстап, кішіпейіл болуы – оның бақыты.
Өзін ерекше етіп көрсетіп, өзгеден биік санауы - соры.
Сенбі, 24 қыркүйек 1994 жыл

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz