Әділдік, шындық, қанағат - рақым туралыӘділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса

Скачать

Әділдік, шындық, қанағат - рақым туралы

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.
Асан қайғы

Би - түзу, билік - әділ болсын!
Әлихан Бөкейханов

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.
Әлихан Бөкейханов

Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.
Мұхтар Әуезов

Ақиқат - адал айтыстан туады.
Шерхан Мұртаза

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.
Шерхан Мұртаза

Шындық - ащы һәм ажарсыз.
Шерхан Мұртаза

Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,
Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп.
Би - шешендер

Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.
Би - шешендер

Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.
Би - шешендер

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.
Шалкиіз Тіленшеұлы

Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!
Төле би Әлібекұлы

Туралық - хақтың мейірі.
Сайф Сарайи

Пайдасыз шындықтан - пайдалы өтірік артық.
Сайф Сарайи

Ізгілік пен әділдік өлмейді.
Сайф Сарайи

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.
Майқы би

Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
Әбу Насыр әл - Фараби

Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі.
Әйтеке Байбекұлы

Өтірік пен шынның арасы - төрт - ақ елі.
Жиренше шешен

Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.
Жиренше шешен

Әділ сөз ащы көрінер.
Жүсіп Баласағұн

Әділ заң - тірегің.
Жүсіп Баласағұн

Әділдік жолын өзің аш.
Жүсіп Баласағұн

Әділдік әкімдіктен де күшті.
Жүсіп Баласағұн

Әділ сөйлеп, адал жүр.
Қожа Ахмет Иассауи

Ақиқат қашан да аңғал келеді.
Олжас Сүлейменов

Ақиқатты себеп - салдар жолымен түсіндіру - Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.
Олжас Сүлейменов

Қанағат - рақым туралы

Арғымағың жамандап - тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап - сұңқар қайдан табарсың.
Асан қайғы

Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.
Асан қайғы

Ақ тоныңды жамандап - атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып - теңдес қайдан табарсың.
Асан қайғы

Мақал - мәтел
Қайғысыз қара суға семірер.

Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме,
Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге.

Би - шешендер

Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ.
Шортанбай Қанайұлы

Қолдағыға қанағат - шүкір қылмасаң,
Болады бар да - арманда, жоқ та - арманда.
Сүйінбай Аронұлы

Кілеміңе қарай көсіл.
Құтып

Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян.
Құтып

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.
Құтып

Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.
Жиренше шешен

Дереккөзі: Әдеби әлем порталы


Скачать


zharar.kz