Аналарымызды бағалау

Скачать

8 - наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий

Аяулы аналар
1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

(оқушылар ортаға шығып аналарына арналған тақпақтарын айтып сыйлықтарын береді)
2 - жүргізуші: Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған Аяулы аналар байқауын бастаймыз. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
-------------------------------------
1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.

2 - жүргізуші:
Мың бұралған аналар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аналарын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз.

( Қыз сыны әуені орындалады.)

1 - жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1 - Таныстыру
2 - Өнер сайысы
3 - Қазағымның - асыл қазынасы (салт - дәстүр)
4 - Сұрақ - жауап
5 - Сән үлгісі (қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін көрсету)
6 - Мадақтау . Аналарымыз әділқазылардың алдында тұрған қорапшадан өздерінің реттік нөмірлерін алсын.

1 - 2 бастаушы хормен: Ендеше біз сайысымызды бастаймыз.
1 - басқарушы: І кезең Таныстыру
Аяулы аналар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Байыппен сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе аналарымыз өздерін таныстырып өтсін. Аналарымызды бағалау: 5 - өте жақсы, 4 - жақсы, 3 - нашар.

Бірінші анамыз ----------------------
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Мариям апай қатарынан қалмаған.

Әділқазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.
Екінші анамыз ---------------------------------
Атыңнан айналайын Ана деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің отбасында,
Үміті зор балаларыңның саған деген.

Әділқазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

Үшінші аруымыз ----------------------------------------
Білімді ұстаз саналы мектептегі,
Талай шәкірт сусындап құрықтады.
Жайлаухан апай болашақта талай істі,
Білім нәрі отымен тұтатады.

Әділқазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

Төртінші анамыз -----------------------------------
Ырысты ана өнерлі
Салады ән тамаша
Ақша бетті сұлу ана
Ұқсайды хор қызына.

Әділқазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.
Би: Сұлу қыз

2 - жүргізуші: ІІ кезең Өнер сайысы .(Бұл кезеңде аналарымыз өз өнерлерін көрсетеді).
Көркем өнер - жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса,- дей келе аналарымыздың өнерін тамашалайық.
1 - жүргізуші: ІІІ кезең: Қазағымның асыл қазынасы (салт - дәстүр)
Қазағымның асыл қазынасы (салт - дәстүр) демекші, осы кезеңде, аналарымыз салт - дәстүрлерін көрсетіп таныстырады.

2 - жүргізуші: 4 - кезең Сұрақ - жауап
Бұл кезеңде аналар өздерінің ептіліктерін көрсетеді.
1 - жүргізуші: 5 - кезең Сән үлгісі . (қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін көрсету) Бұл кезеңде аналарымыз қазақтың ұлттық сән үлгілерін көрсететін болады.

2 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз оқушыларымызға береміз.

Ән: Жақсы көрем әжемді Орындайтын:
1 - жүргізуші: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік. Марапаттау
2 - жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
1 - жүргізуші: - Осымен Аяулы аналар сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz