Жер сілкіну ошағы

Скачать

Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер, олардың пайдасы мен зияны, зардаптары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ - жауап. 4. Кестемен жұмыс.
2. Әңгіме - дәріс. 5. Тірек - сызбамен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Б. Ү. Ү. кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т. б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ - жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме - дәріс.
2. Кестемен жұмыс.
3. Тірек - сызбамен жұмыс.
4. Топтастыру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б. Ү. Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ - жауап.
1. Жер қыртысының қозғалыстары.
2. Жер сілкіну.
3. Сейсмикалық аймақтар.
4. Жер сілкіну ошағы.
5. Эпицентр.
Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме - дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме - дәріс беруден басталады.
2. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы жанартау құрылысы түсіндіріледі.

Лава - Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылатын магма
Көмей - Магма ошағынан жоғарыға қарай өтетін өңеш
Кратер - Көмейден жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы
Жанартау түрлері
● Сөнген
Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартаулар. (Эльбрус, Қазбек)
● Сөнбеген
Ұдайы атқылап тұратын жанартаулар. (Ключи шоқысы)
● Ұйқыға кеткен
Сөнген жанартаулардың кейде атқылай бастауы. (1960 ж Чилиде атқылаған жанартау)


Скачать


zharar.kz