Қандай дыбыс

Скачать

Тіл дамыту

Cабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқи білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: кесенің, күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Қане, балалар, көңіл - күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл - күймен
сабағымызды бастайық. Қазір сауат ашу сабағы.
- Біз сауат ашу сабағынан нелермен таныстық?
- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дидактикалық ойын. Қандай дыбыс?
Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты
шешу керек.

Жұмбақ. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)
Балалар, ұйқыдан оянғанда, даладан нені көресіңдер?
- Күнді, күннің нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
- Алақай! – деп қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
- Аспанды, бұлтты, күнді көреміз.
- Күн бізге несін береді?
- Жылуын береді.
Күн деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- К дыбысы.
- Ендеше бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы осы К дыбысы мен әрпі.
Балалардың назарын тақтадағы кесенің суретіне аудару.
Кесе сөзіне дыбыстық талдау жасау. Текшелермен белгілету. Кеспе әріптермен жазу. Тақтаға күшіктің, кенгурудің, бүркіттің суретін ілу, дыбыстық талдау жасау.
Күшік - иттің баласы.
Кенгуру - Австралияда мекендейді. Оның салмағы 90 кг, құйрығының ұзындығы 1 м. Оның алдында қалтасы болады, оған баласын 68 ай сақтап өсіреді.
Ал, баласының салмағы 5, 5 гр. болады. Шөппен қоректенеді. Қызыл кітапқа енген. Алдыңғы аяғымен қорегін тауып жейді.

Бүркіт - таудың ең биік шығында өмір сүреді. Түлкі, қоян сияқты аңдарды аңдып тұрып, өзінің әдіс - тәсілдері арқылы ұстап, жемтігін тауып жейді.
Ол қырағылықты, бірлікті білдіреді.

Топтастыру стратегиясы.
К әрпіне суретті топтастыру.
К әрпінің жанына к әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.

Дыбысты тап ойыны.
Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер К дыбысын естіген кезде қолдарыңды шапалақтаңдар.
(Дыбысты тыңдату). А - А - А - Т - Т - Т - Ғ - Ғ - Ғ - К - К - К - О - О - О

Әліппе дәптермен жұмыс.
Буындарды, сөздерді оқу.
Дәптерге жазу. К дыбысын ауада жазу.

Сергіту сәті. Жаздық, жаздық...
Жаңылтпаш жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.
Дидактикалық ойын. Шашылған әріптер .
Сабақты қорытындылау.


Скачать


zharar.kz