Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Өткен сабақты тиянақтау
Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс - тыртысын,
Жаңалайды киімді? (үтік)
Күндіз соқыр не деген?
Түнде қандай көреген! (үкі)
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайды тонына,
Кім білмейді... (үйректі)
Алдыда бір үйрек,
артта бір үйрек,
ортада бір үйрек.
Барлығы неше үйрек? (3)
Егіз десек екінші,
Сегіз десек үшінші.
Бұл қайсы әріп екенің,
Өзің қарап түсінші.
(Г ДЫБЫСЫ)
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)
Сабақтың тақырыбы: Г ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ.
Сергіту жұмысы
Қуыр, қуыр қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Әй, әй балақан,
Жамандықтан қаш.