Ешкі ана

Скачать

(Ортаңғы топтарға арналған сценарий)
Тақырыбы: Айналайын, ақ Анам!
Ертеңгіліктің мақсаты: Білімділік: Балаларға көктем туралы мағлұмат беру, 8 наурыз бүкіл дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін ұғындыру, ана мен баланың арасын дағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету, театр қойылымы, ма қал - мәтел, өлең, ән айту.
Дамытушылық: Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға қалай көмектесетін
дері туралы өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпынды
ру, сөздік қорын жетілдіру, ойын арқылы ой - өрісін дамыту, қолайлы орта
ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл - күйлер
ін көтеру, театр қойылымын ұйымдастыра отырып, инклюзивті әлеумет стратегиясы бойынша жасқаншақ, ұялшақ баланы ортаға тарту, ілтипатпен ықпал ету.
Тәрбиелік: Отбасына, туыстарына мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Керекті құралдар: Театр декорациясы, үйшік, ағаштар, Ыдыс - аяқтар дамытушы ойын ортасы, кейіпкер костюмдері, гүлдер түрлі - түсті.

Жеті лақ ертегісі қойылымы.
Рольдерде: Ешкі ана --------------------
Қасқыр ----------------------------
Жеті лақ: -----------------------------------------------

Балалар сазды әуенмен залға кіреді. Жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші: Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары
Ана деген тіршілікте пана болып,
Әрбір үйде жұлдыз боп жанады.
Құтты болсын, 8 - наурыз мерекеңіз
Үйіңізде болсын бақыт берекеңіз!

Тақпақтар ана туралы:
Назерке: Ананың біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз,
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!

Нурислам:
Мерекесі бүгін
Алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.

Айнель: Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,
Сен деп жазды алғашқы әнді,
Қуандым да, өзің бар деп шаттандым,
Жанарыңнан көрдім алғашқы аспанды,
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Бір өзіңмен шаттанам.

Расул: Айналайын анашым - әлемдегі жан асыл,
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың,
Айналайын анашым - асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.

Ерқанат: Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды,
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.


Скачать


zharar.kz