Бюджет балансы және бюджет тапшылығы

Скачать

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстандырылған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады.Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешендерін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) "көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.
Бюджет тапшылығын жабудың мынадай әдістері бар:
а) мемлекеттік қарыздар;
б)салық салуды көбейту;
в)ақша эмиссиясы.
Өз кезегінде ақша эмиссиясы ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банкткерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
1.Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискадық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңдестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлерін арттыруы, не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.
Бюджетті теңдестіру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.
2. Циклдік негізде теңестірілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңестіріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклға қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өртеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3. Қаржының функционалдық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық толық емес қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңдестіру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоиатты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функционалдық қаржы тұжырымдамасында теңестірілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

II. Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен ролі

Мемлекттік бюджет жүйесі ақша қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек. Еліміз қайта құру кезінен бастап 2000 жылдың басына дейін толық ауқымды төңкерісті анықтайтындай кезеңдерді бастан өткерді. Төңкеріс кезіндегі ең негізгі өзгешелік: "ойын ережесін" нық ұстап тұруға шамасы келмеген және әрбір мезетте әлеуметтік күштің ығысына қарай жығылатын мемлекеттік билік болып табылады.
Әрбір төңкеріс кезеңінің уақытша кезеңі болады, ал қазір Қазақстан бюджет жүйесін, сондай-ақ еліміздің экономикасын жаңадан сапалы түрде реформалау арқылы төңкерістің соңына таяп қалды. Бюджет процесін оңтайландырудың ең негізгі мақсатының бірі – мемлекеттің қаржы ресурстарын қайта бөлу кезіндегі мемлекеттің тиімділігінің жоғарылауы.Бюджет саласын жоғарылату факторларына әртүрлі көзқарастар бар. Ең негізгісі – қаржыландыру көлемі, екіншісі – бюджет қаржысын бөлу бағыттарын болжауды негізге алу. Үшіншісі – "қаржылық технологизм" тұжырымдамасының іргесін қалайтын – қаржыны бөлу процедурасы болып табылады.
Мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдалану олардың нақты процедуларының, бюджет процесінің барлық сатыларының бұрмалануына, бюджеттің қалыптасуы мен орындалуына елецлі кедергілер тудырады. Бұдан басқа да процедуралық сұрақтардың шешілмеуі мемлекеттік меншіктің тиімсіз өкімі болып табылады. Акционерлеу және жекешелендіру кезінде, сондай-ақ банкрот болғандығын ескеру және қаржылық сауықтыру шараларын жүргізу кезінде мемлекет қаржылық ысырапқа ұшырайды. Айта кететін жәйт, мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді пайдалану "тиімді ығыстардан" тәуелсіз, бұл дегеніміз және секторладың экономикалық белсенділігінің төмендеуінен мемлекеттік шығыстардың көбеюі мүмкін.
"Қаржы технологизмінің" тұғырнамасы мынаған сүйенеді: бюджет процесін регламенттеу, бюджет саласындағы институттардың өзара іс-қимылының тәртібін анықтау процесі, олардың билік өкілеттілігін үйлестіруі және жауапкершілігі болып табылады. Мемлекеттік қаржы ресурстарын жұмсау бағыттары мен көлемін бюджет процесінің жекелеген қатысушыларының жекелеген қатысушыларының жекелеген келісімдері мен нақты "ойын шарты" негізіндегі тиімді іс-әрекетінің стратегиясына жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының бюджет кодексі өз күшіне енгеннен бері процедураны ретке келтіру сұрақтары жүзеге асырылып, мемлекеттік қаржы жүйесінде оң үрдістерге қол жеткізілді.
Бюджет процесінің процедурасы – шешім қабылдауды нысандыру емес, бұл мемлекеттік қаржы-қаражаттарды пайдлану арқылы барлық әлеуметтік-саяси және экономикалық топтар мүдделерінің келісуі болып табылады.
"Қаржы технологизмі" тұғырнамасында, немесе тура айтқанда, "бюджет технологизмі" тұғырнамасында процедуралық мәселелер бюджеттің сандық сипаттамасынан басым болады. Бұл байланыстағы М. Вебераның "технологиялық төрешілігінің" классикалық тұғырнамасын айтпасқа блмайды, осыған орай қоғамнан бөліген әлеуметтік топтағы мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін, әсіресе асқан дәлдік пен реттемелі атқаруы осы қоғамның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бюджет процесін қарастырғанда, мемлееттік қаржыландырудың экономикалық нысандарын оңтайлы іріктеу туралы сауалдың алатын орны ерекше. Оның шешімі бюджетті қалыптастырудың пәтуа процесін өтеп алуға берілген. Осыған сәйкес, бәсекелік, нарықтық экономиканың қозғаушысы сияқты, бюджеттік процесс – бюджеттік қаражатты ұтымды бөлудің тетігі болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржыландырудың қандай бабы басым екендігі туралы ешқандай ортақ пікір жоқ. Индустриалды дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып және Жд. М. Кейнс ашқан мультипликатор әсерінен назарға ала отырып, тұрақты экономикалық өсім үшін біріншіден, әскери-өнеркәсіп кешенді инвистициялалау қажет, ал ол ұлттық экономиканың дамуында өзіндік "локоматив" роліне шығады деп кейбір ғалымдар дәлелдейді. Басқалары, мемлекеттік инвестицияның негізгі бағыттары білім белу, ғылым және мәдениет болу керек деп тұжырымдайды. Үшіншілері, өнеркәсіп саясатын ұйымдастыру нысаны сияқты қоғамдық шығындарды әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қайта бағдарлау керек деп белгілейді. Төртінші топ, яғни "жаңа физиократтар" бюджеттің басым бабын анықтау мәселесінде, Ф.Кенэнің қағидасына сүйену керек дейді. Олардың пікірінше, ауылшаруашылығында ммлекеттік инвестицияны жоғары дәрежеге көтерсе ғана экономикалық өсу болады.
Кез-келген бюджет – сол немесе басқа нысанда жанжалдың жою нәтижесі, оның мәні тепе-теңдікті іздеуде, яғни ақша мен билік арасындағы бірдей арақатынасты (маңызды субъектінің әрекеті). Сондықтан, бюджет процедурасының барлық жүйесінің негізгі сипаттамасы, шын мәнінде ол тепе-теңдіктің интуционалды қамтмасыз етілгені болып табылады. Бұл динамикалық тепе-теңдік нүктесі және үстіміздегі қаржы жылы мен алдағы жылды салыстырғанда ережелер әлдеқайда жақсарады деп күтілуде.
Бюджет туралы заңды дайындау және қарау, бекіту процесі, сонымен қатар оны атқару мен оның атқарылуын бақылау процесі процедураның басты мәселесі. Соңғы он жылдықта қазқстандық бюджет саласының дамуы, экономикалық және әлеуметтік негізделген құрылыммен және мемлекеттік шығыстар көлемімен қажетті нәтижеге жете қойған жоқ.


Скачать


zharar.kz