Астана туралы өлеңдер

Скачать

Сынып – 1
Пәні – Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты: 1. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің әлем еліне өркениетті ел, танымал болуына, көркейіп, гүлденген жаңа Астананың маңыздылығын ұғындыра отырып, оқушыларға болашақ жауапкершілік көзқарасын арттыру.
2. Балаларды Отанын сүюге, қадірлеуге, адал болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлеу.
1 Мендегі бүгінгі жаңалық.
2 Сабаққа тілек айту.

ІІ Үй тапсырмасы
1. Ізденіс жұмысы.
І топ ІІ топ ІІІ топ

2. Сұрақ – жауап.
- Біздің елімізге көлдер, таулар, қалалардан басқа нелер, қандай өндірістер бар?
Зауыттар, фабрикалар, мұнай өндіру, көмір шығару, бағалы аңдар, дәрілік шөптер бар.
- Қазақстанның жері қандай. Нешінші орында тұр?
Өте үлкен, 9-шы орында.
- Осы айтқандарыңның бәрін қосып қалай атауға болады?
Біздің Отан.
- Отан адам үшін біреу ғана.

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана, пана
Қазақстан – туған ел - дегендей, осы өлеңде Отанды анаға теңейді. Не себепті деп ойлайсыңдар?
- Себебі отан бізді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
- Біздің отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Отанымыздың табиғат байлығын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отанымыздың табиғат байлығын сақтауға өз үлесімізді қосу керек. Ол үшін жақсы білім алып, өз еліміздің табиғат жағдайын терең оқып білу қажет.
- Отан туралы қандай өлеңдер білеміз.

Отан – менің ата – анам
Отан – досым, бауырым
Отан - өлкем, астанам
Отан – туған ауылым

Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
- Біздің Отанымыздың басшысы кім?
- Н. Ә. Назарбаев.
ІІІ Жаңа сабақ.
1. Логикалық ойлау үшін әңгіме:
- Мен қазір бір қала туралы айтайын. Ойланыңдар, ол қай қала екенін табыңдар.
Біздің Отанымызда әр адам Менің қалам деп атайтын бір қала бар. Барлық жолдар келіп сол қалада тоғысады. Суымен де, ауасымен де, жермен де бар адам осы қалаға ағылады. Оның мұражайларын, түрлі әдемі ғимараттарын көруге асығады. Бұл Қазақстанның ең ірі де, басты да қаласы.
- Астана.
2. Астана туралы түсінік беру.
- Оқулықтан мәтінді оқып беру.
- Отанымыздың жүрегі – Астана! Астана қаласы – ең алғаш Ақмола, кейіннен тың жерлерді игеруге байланысты Целиноград болып аталды. Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ол еліміздің Астана қаласы қазіргі кезде бейне бір құрылыс алаңы. Қалада қабырғасы қаланып, төбесі жабылып жатқан, сыңғырлаған ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтеруде. Көшелеріндегі тізілген ағаштар қалаға сән беріп тұр. Қала халқының саны тез өсіп келеді. халық саны бойынша 1 – ші орында тұр. Осындай көрікті Астанамызға биыл 11 жыл толады. Былтыр 2008 жылы 6 шілдеде Астананың 10 жылдық тойы болды. Астана жылдан – жылға көркеюде.
Ақ орда, алтын бесік – Астанамыз.
Сан жырды саған ғана ақтарамыз
Өзгеден мәртебесі биік тұрған
Астана, өзіңменен мақтанамыз.
3. Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды.
4. Сұрақ – жауап.
- Мәтінде Астана туралы не айтылған?
- Бұрынғы атаулары қандай екен?
- Қандай ғимараттар бар?
5. Картамен жұмыс.
Картадан Астананы көрсету.
- Балалар, біз, қазір Астанаға саяхатқа шығамыз. Елбасы бізді шақырады. Олай болса, балалар, біздің Тараз қаласынан Астанаға дейін картада жақын болғанымен, оған бару үшін алыс жол жүру керек. Ол үшін бізге көлік керек.

6. Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Жарайсыңдар балалар. Олай болса, Астанаға тез жету үшін біз ұшақпен барамыз.

7. Сергіту сәті
Көзімізді жұмып, ұшаққа отырамыз (елестету).
Біз ұшып келеміз.
Көзімізді ашамыз.
Барынша керіліп, ұшақтан түсеміз.
I. Астанадағы басты ғимарат
Президент сарайы.
Онда біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев отырады. Ол жерде елбасы Қазақстан халқы үшін түрлі жұмыстар атқаруда. Халқымыздың болашағын ойлауда. Отанымызға қызмет етуде. Және де бұл сарайда Қазақстан Республикасының Нышандары орналасқан.

ІІ. Ой - түйін.
I - топ. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы
II - топ. Отан туралы мақал - мәтелдер.
III - топ. Астана туралы өлеңдер.
II. Нұр - Астана мешіті.
- Мұсылмандардың құдайға ғибадат ететін жері.

III. Келесі көріп тамашалайтынымыз.
Астана қаласының нышаны Бәйтерек . Бәйтерек туралы не білеміз?
Кім айтады?
Аңыз бойынша Ер Төстік ертегісінде алып ағаштың басына самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқадан шыққан жалғыз балапан өліп қала береді. Жұмыртқадан балапан шыққан кезде бір айдаһар - жылан алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып, балапанды жұтып қояды екен. Ер Төстік балапанға ұмтылған айдаһарды садақпен атып өлтіреді. Туған самұрық құс риза болады.

- Тағы не білеміз?
Оның авторы Н. Ә. Назарбаев.
Биіктігі 97 метр.
Ішінде елбасының алтын қолы бар.
• Енді алдарыңыздағы қағазға алақандарының суретін салып ішіне өздеріңнің армандарыңды жазыңдар.

IV. Пирамида.
- Бейбітшілік пен келісім сарайы
V. Топтастыру
I – топ, II – топ, ІІІ - топ
VI. Оқушылар алдарына берілген гүлдерді түрлі - түсті етіп бояды.
Астананың туылған күніне тілек жазады.
VII. Сабақты бекіту
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен?
- Не үйрендік, не білдік?
- Көңіл күйіміз қандай?

Қорытынды:
Құлашын кеңге жайған Астанада жоғары білім алатын болашақтың тірегі - өздеріңіз. Келешек жастардікі. Сондықтан да мынандай әсем мектептен сапалы білім алып, тәрбиелі азамат болып өсіп, Астанамыздың асқақтап, көркейе беруіне өз үлестеріңді қоса берулеріңе тілектеспіз.
- Бүгін біз Отанымыздың жүрегі - Астана туралы мағлұмат алдық. Өркендеген Қазақстанға үлгілі тәртібіміз, үлкенді сыйлауымыз, талмай іздену, талаптану арқылы үлес қосатын боламыз.
Хор: Менің Қазақстаным .


Скачать


zharar.kz