Оқушыларға тригонометриялық теңдеулердің шешу әдістерін үйрету

Скачать

И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжі.
Математика пәні оқытушысы Амантайқызы Айгерім

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулерді шешуге есептер шығару.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға тригонометриялық теңдеулердің шешу әдістерін үйрету. Тригонометриялық теңдеудің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Тригонометриялық теңдеуді шешуде тригонометриялық функциялардың қасиеттерін пайдалану керектігін уйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Тригонометриялық теңдеулер жөніндегі дүниетанымдық көзқарастарын, оқушылардың өзіндік іс - әрекетіне сәйкес білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын дамыту. Ойлау қабілетін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Меңгерген білімнің өмірге қажеттілігін түсіндіру. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке, логикалық ойлауға, жүйелі жұмыс істеуге, өзінше еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақтың типі: Іскерлік, білік дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, ой қозғау, миға шабуыл әдісі.
Технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. (ДСОТ), ойын элементтері арқылы оқыту, тірек - сызба арқылы оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырма жазылған таратпалар, компьютер, тірек - схемалар, білімді бағалау парағы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, ой толғаныс.
Сабақта күтілетін нәтиже: Тригонометриялық теңдеулердің түрлерін ажыратып, оның шешу тәсілдерін меңгеру.
Пәнаралық байланыс: Информатика мен математика, физика, тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру жұмыстары.
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
в) Оқушылар топқа бөлу. 3 түрлі түсті қағаздардан қиылған әріптерді таңдап, әріптердегі сұрақтарға жауап бере отырып топқа бөлінеміз. Таңдаған түстеріңізді еске сақтап отырыңыздар. Әр оқушы тақтаға шығып сұрақтарға жауап береді.
Қ - Тригонометриялық функцияларды атаңыз. (синус, косинус, тангенс, тангенс)


Скачать


zharar.kz