Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының
бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Тобы: Ересек.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет: Сурет салу.
Тақырыбы: Сырлы бояу сыр шертеді .
Мақсаты: Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Түстер туралы түсініктерін бекіту.
Білімділігі: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне тән белгілерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылық шабыт ахуалын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларға қуаныш сыйлау.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, қорытындылау.
Керек құралдар: Ақ парақ, қылқалам, акварель бояуы, сүлгі, су, слайд
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Көңілді әуен ойналады.
Топқа, Палитра кіреді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мені, кім деп ойлайсыңдар!
Мені білетіндерің де, білмейтіндерің де бар шығар.
Мен Палитрамын!
Палитра: Суретшілердің бояу араластыратын тақтайшасымын. Мен сурет саламын.
(Интерактивті тақтадан)
Қолымдағы қылқаламмен ақ қағазға шертсем, ұшып жүрген құстардың, өзен суларды, гүлге қонған көбелектерді, таулармен өзендерді түсіремін.
Мен сендерге ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімді ала келдім.
Қанекей, балалар шеңбер құрып тұрайық.
Шаттық шеңбер құру.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.
Балалар бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Осы айтылған тілектерің қабыл болсын!
Орнымызға жайғасайық.
Сырлы бояу, сыр шертеді тақырыбында сурет саламыз.
Білесіңдер ме, біздің әлем әр түрлі түстерден жарқырайды. Біздің жеріміз кемпірқосақ түстерімен боялған.
(Слайд ) Қане, жыл мезгілдерін есімізге түсірейікші.
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
- Көктемде жердің беті қандай түске боялады?
- Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?