Сабақтың тақырыбы: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.
Жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға кіріктірілген интеграцияланған пән арқылы оқу мен жазу дағдыларын жетілдіру. Мәтінді түсініп оқу, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуын түсіндіру, жаттығулар орындату.
2. Білім, білік қабілеттерін деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы дамыту, сауатты оқу мен жазу дағдысын қалыптастыру.
3. Ана тілінің қадір қасиетін жете түсінуге, зеректілікпен тақырыпты сауатты меңгеруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, сөздік сандықша, деңгейлік тапсырмадағы ойында, үлестірме қағаздар, дидактикалық ертегі материалдары.
Түрі: дамытушылық сабақ.
Әдіс - тәсілі: оқушыға таныс ертегі желісі бойынша, деңгейлеп саралап оқытудағы әдіс - тәсілдер.
Пәнаралық байланысы: дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту, ертегі кітапшалары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау, оқу құралдарын түгендеу.
Психологиялық сәт.
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.
Өткен сабақты пысықтау: Балалар бүгінгі сабағымызда ерекше сабақ ана тілі бізге қазақ халқының ертегілерін тыңдауға, жырларын жаттауға, дастандарын оқуға, батырлардан ерлікті үйретеді. Олай болса бүгінгі сабағымызда біздер Ер Төстік ертегісінің кейіпкерлерін кім екенін танып білеміз.