Әйелдің жастыққа сіңген көз жасы зиянды
Кейде болмашы нәрсеге де, көз жасына ерік беру әйелдерге тән құбылыс.
Адам бойында жиналып қалған ұзақ күйзелістің зардабынан бір мезетте бойыңды билеп әкеткен мұңның әсерінен ыстық көз жасы домалай жөнеледі. Мұңыңды шағу арқылы, тамағыңа тығылған ащы өксіктен құтылып, бірте-бірте жеңілдегеніңді сезінесің.
Алайда, беделді бақсылардың айтуынша, мұңайған сәтте жастыққа жатып жыламау керек деп ескертеді. Олардың түсінігі бойынша, ащы көз жасы, ізім-қайым жойылып кетпейді, тамған орында сақталады. Сосын әлгі теріс энергия яғни адам көз жасының әрбір тамшысы адам терең ұйқыға кеткен сәтінде қайта енеді. Таңертеңгілік ұйқыдан тұрған сәтте адам өзін нашар сезінеді, ұйқы дұрыс болмайды, бас ауырады, ашушаңдық пен қатар шаршап тұрған секілді сезінеді. Құс мамығы барлық ашу-реніш, ызалы сөздер мен адамның дәрменсіз күйін өзінде сақтап қалады.
Жастыққа көз жасын төккеннен гөрі, эзотерикалық кітаптар оқып, жуынатын бөлмеде жылау дұрыс екен, өйткені жылап алғаннан соң, беті-қолыңды жуып алуға мүмкіндік болады. Бұл тәсіл бұрыннан белгілі, барлық жамандық атаулы сумен жуылып кетеді. Сумен тазару ежелден келе жатқан салт деуге болады.
Жылау арқылы адам жеңілдейді, тазарады. Бірақ мұң сіздің балаларыңыз бен жақындарыңызға да берілмес үшін жастыққа көз жасын тамызуға болмайтынын есте сақтау керек. Ертегілер мен аңыздарда табиғи көз жасы жамандықтан қорғайды,- дейді, яғни жылау қалыпты жағдай. Алайда, адамдар тек қуанышты сәттерге ғана көз жасына ерік берсін деп тілейін.
Дайындаған: Асыл
Сіздің де айтар ойыңыз болса поштаға хат жолдаңыз: @yandex