Сатып алушы

Скачать

Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Зарубаева Лилия Елеуханқызы

І. Сабақтың тақырыбы: Азық - түлік дүкенінде.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу;
ә) тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сұхбат, мәтінмен жұмыс, сөзжұмбақ шешу
Ү. Сабақтың көрнекілігі: тапсырма парақшалары, суреттер
ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі
ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Жазған шығармаларын тексеру, оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. 1 - тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар, өз беттеріңмен аударыңдар.
Сатып алушы: Сәлеметсіз бе?
Сатушы: Сәлеметсіз бе? Сізге не керек?
Сатып алушы: Маған сүт тағамдары керек.
Сатушы: Сізге қандай сүт тағамдары керек?
Сатып алушы: Сүт, айран, ірімшік, қатық керек. Олар қанша тұрады?
Сатушы: Сүттің литрі 130 теңге, айранның 1 литрі 105 теңге, ірімшік 95 теңге, қатық 75 теңге тұрады. Не сатып аласыз?
Сатып алушы: 1 литр сүт пен қатық беріңізші. Қанша төлейін?
Сатушы: 205 теңге.
3. 2 - тапсырма. Азық - түліктерді, олардың бағасын жазбаша жазыңдар.


Скачать


zharar.kz