Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, шар, интерактивті тақта, слайд.
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Кешіміздің жүргізушілеріміздің ортаға шақырайық, таныс болыңыздар – Сағындық Асылан, Кәден Еркеназ, Ислам Әлихан және Кенжебек Балжан
Еркеназ - Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Асылан - Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан.
Балжан - Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Әлихан - Осы бір АНА деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!
Еркеназ - Ару - ана,
Асылан - Ару - асыл жар,
Балжан - Ару – көңілдің гүлі,
Әлихан - Ару - өмірдің жыры.
Еркеназ - Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың дайындаған Әлемнің жарығын сыйладың сен маған! кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!
Әлихан
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: Анашым
Асылан:
Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
(Балалардың тақпағы айтылады)
1 - ші оқушы Бейбарыс
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.