Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сөйлеуді дамыту,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Ауылға саяхат (Ашық сабақ)
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, оларды бір - бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды бекіту.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:
1. Үй жануарларының дыбыстарына дұрыс еліктеуін қадағалау.
2. Есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту.
3. Ойын барысында балалардың сөздік қорларын дамыту
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекі құралдар: Паровоз үй жануарларының суреті, күннің шуақтары, әтеш. Төлдерін тап та, ата дидактикалық ойыны
Сөздік қоры: Сәлеметсіздер ме, әтеш, үй жануарлары
Ой қозғайтын себептер.
Балалар бүгін бізге топқа қонақтар келіпті. Кәне бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме. Шаттық шеңберін құрады.
Күннен қуат алайық. алақанға салайық.
Жүректен жылу алайық.
Алақанға салайық. Алақандағы жылуды қонақтарға сыйлайық.
Әтештің шақырған дауысы
Бұл ненің дауысы?
Ол қайдан шығады?
Әтеш қайда өмір сүреді?
Ізденіс - ұжымдық негізгі бөлім.
- Ауылда
- Олай болса бәріміз паровозбен ауылға барайық. Әтеш көрсету.
- сәлеметсіңдер ме, балалар!
- сәлеметсің бе, әтеш!
Балалар, әтешке күнді оятуға көмектесейік. Қараңдаршы күн оянды, неге шуақтары жоқ?
- Қазір қай мезгіл? Күз мезгілі Сондықтан жылуын аз шашып тұр. Күз мезгілінен кейін қыс мезгілі келеді. Күннің шуағы бізді қатты жылытады.
1 – тапсырма Күнге шуақ жасап берейік.
- Міне, күн де оянды. Оянды да күлді. Ол қандай әдемі. Әтештің ку - ка - ре - ку деп шақырған дауысы шығады.- Балалар, әтештің әдемі дауысынан жануарлар да ояныпты. Үй жануарларының да дауыстары шығады.
2 - тапсырма - Әтеш тағы нені оятты? Сиырды
- Тағы нені оятты? Жылқыны
- Тағы нені оятты? Қойды
- Тағы нені оятты? Ешкіні
- Тағы нені оятты? Итті Мысықты Жарайсыңдар оларды үй жануарлары дейміз? Біз оларға қамқор боламыз, тамақтандырамыз, шөп, су береміз.
- Үй жануарларының адамға пайдасы бар.
Сергіту сәті:
Ұзын - құлақ сүр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді
Үй жануарларының дауыстары шығады.
олар төлдерін жоғалтып алыпты.
Көмектесеміз бе?
Төлін ата да анасын тап дидактикалық ойны. Ойын барысы: Балалар төлдерді атап, олардың аналарын табуға талпынады.-
Әтештің дауысы шығады. Балабақшаға қайтатын уақыт болды. Автобусқа отырып, балабақшаға қайтады.
Музыка әуені
Ауылға саяхат жүктеу