Әңгіменің шиеленісуі Әмірқан әңгімесі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Әміре - ән көгінің айнасы
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаттары:
• білімділік: әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан - жақты таныту;
• дамытушылық: талдау жасата отырып оқушының ой - өрісін, өнерге деген көзқарасын кеңейту, шығармашылық қабілетін ұштау;
• тәрбиелік: өнер, ән құдіретін бағалай білуге баулу; қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.
Сабақтың міндеттері: әңгімені түсініп оқиды, мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбы мен мұратын анықтайды, сұрақтарға жауап беру арқылы Әмірқан тұлғасын ашады, кесте толтырады, түсініксіз сөздермен жұмыс істейді, әңгімеде қолданылған көркемдегіш құралдарды табу арқылы жазушының тіл байлығын таниды.
Сабақтың типі: жаңа материалды таныту сабағы
Сабақтың түрі: тәжірибелік - талдау, іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: сөз, логикалық (анализ, негізгісін бөліп алу, дәлелдеу)
Сабақты ұйымдастыру формасы: жекелей, топпен, ұжымдық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, адам баласы бір нәрсені ұнатады, жанындай жақсы көреді, аңсайды. Сол жолда күреседі. Сол көңілінің төріндегі керегіне қол жеткізгенде жаны рақаттанады.
Мен сүйемін өмірді зулап аққан
Мен сүйемін өлеңді биік тақтан
Мен сүйемін өнерді таңдай қаққан
Мен сүйемін өренді тыңдап баққан
Ал сендер ше?
Міне, бүгінгі кейіпкеріміз де сүйді, ұнатты. Бірақ ол ән өнерін ұнатты, жанымен сүйді. Ән өнерінің көгінде биік самғай білді. Өткен сабақта біз қазақтың аймандай тұлғасы, қазақтың қара сөзінің құлжасы атанған Ж. Аймауытовтың Әнші әңгімесін өткенбіз. Автор жайлы сөз қозғағанбыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Әмірқан - ән көгінің айнасы . Бүгінгі сабақтың мақсаты әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан - жақты таныту; кейіпкер бейнесін ашу.

2. Үй тапсырмасы
а) Мәтінмен толық танысу
ә) Сырласу күнделігі
Топпен жұмыс:

1 - тапсырма
Ақпараттық анықтама алгоритмін орындайтын сарапшымен таныстыру.
Табыстар каталогына салынатын жұмыстар жайлы ескерту.
1 - тапсырма Әңгіменің композициялық құрылысы
Шәкет үйіндегі кездесу
1. Әңгіменің басталуы Аяқталмаған оқиға
2. Әңгіменің дамуы Жетішатыр қаласындағы жексенбінің бірі
3. Әңгіменің шиеленісуі Әмірқан әңгімесі
4. Әңгіменің шарықтау шегі Наурыз сауығы
5. Шешімі

Еркін сұрақтар және оған менің дәлелім
(оқушылар өз қалаулары бойынша сұрақтар таңдайды)
1. Ж. Аймауытовты әйгілі еткен қай шығармасы?
2. Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан бейнесі кімнің прототипі?
(Ә. Қашаубаев жайлы бейнетаспа) слайд Әміре
3. Оқиға қай кезеңді қамтиды?
4. Жетішатыр қаласының тұрмыс - тіршілігі қалай суреттелген?
Слайд Жетішатыр қаласы
5. Әнші әңгімесін жазуға не себеп?
6. Әңгіменің басты тақырыбы қандай?
7. Әміре Қашаубаев кім? (бейнетаспа)
Кейіпкерге сөз таңдау
Үш топқа жеке - жеке тапсырма
1 - топ Әмірқанның әншілік шеберлігі (Әмірқан бейнесін әншілік, орындаушылық тұрғыдан қарастыру)
2 - топ Әншінің тұлғасы ( кейіпкердің сыртқы бейнесі, Әмірқан бойындағы қазаққа тән қасиеттер)
3 - топ Сәтті алынған сөздер пирамидасы(ұтымды қолданылған сөздер мен нақыл сөздерді табу)
4 - топ Сөз әрлеу (көркемдегіш сөздерді табу)


Скачать


zharar.kz