Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, суреттер, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. (2 мин)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар: (5 мин)
1. Компьютерлік графика дегеніміз не?
2. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша қандай негізгі салаларға бөлінеді?
3. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді?
4. Растрлық графика дегеніміз не?
5. Векторлық графика дегеніміз не?
6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін, оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға бөліну әдісі векторлық және растрлық суреттер бойынша жүзеге асады.
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Тапсырма 1. (8 мин) Растр және Вектор топтары тақтада тұрған Венн диаграммасы арқылы растрлық және векторлық графиканың артықшылығы мен ерекшелігін жазып, түсіндіреді.
Венн диаграммасы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (7 мин. – Inkscape программасымен танысу)
Растр және Вектор топтары, өз топтарының атына сай графикалық редактормен жұмыс жасайды. Растр тобы – Paint редакторымен, Вектор тобы – Inkscape редакторымен жұмыс жасайды.
Жаңа ұғым. Безье қисығы – ерікті қисық сызықтарды (векторларды) салуға мүмкіндік беретін графикалық редакторлардың маңызды құралдарының бірі. (5 мин. – безье қисығын түсіндіру)
Тапсырма 2. (10 мин.) Графикалық редакторларды қолданып, жапырақтың суретін салу. Жапырақ салу үшін Безье қисығын қолдану керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту. (5 мин.)
Графикалық редакторда жапырақтың суретін салып болғаннан кейін, оқушылардан сурет салу барысында кездескен қиыншылықтар туралы сұрау. Растрлық сурет пен векторлық сурет салуда кездескен айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Жаңа ұғым. Фракталдық графика - графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
V. Қорытындылау. (2 мин.)
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: Фракталдық графика туралы мәлімет іздеп келу. Фракталдық графикамен жұмыс жасайтын программалар.