Катонқарағай ауылында бүгінге дейін бірде-бір қонақүйдің болмауы қонақтар үшін қолайсыз-ақ болатын. Енді бұл проблеманы жергілікті жердің азаматы Асхат Қабанбаев шешіп тастапты. “Тұлпар” шаруа қожалығының жетекшісі бес кешеннің басын біріктіріп отыр. Асхат ініміздің айтуынша, “Ақсу-Дән” дәрі-дәрмек жасайтын кешенде марал мүйізін арнайы технология бойынша қайнатып, одан пантоген әзірленеді екен. Қан мен мүйіз сорпасынан әзірленген қоспа ұнтаққа айналады. Енді сол шипалы ұнтақтар ванналарға қосылып, емін адамдар қолданып жатыр. Мұндай технология елімізде бірде-бір жерде жоқ.
– Қонақүйде 25 орын бар. Онда сегіз адам жұмыс істейді. Ал медбике Әдима деген қарындасымыз күн сайын 17 адамға дейін ем жасайды. Шипажайдың ашылғанына көп уақыт өткен жоқ. Сонда да адамдар бір-бірінен естіп келіп жатыр. Аманшылық болса, қыста да жұмыс істеуді ұйғардық, – дейді Асхат Асқарұлы.