Тақырыбы: Сыйынар ем ана деген тәңірге! (презентациясымен)
Мақсаты: 1) ұстаздарды, ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтау;
2) халқымыздың ата - бабадан келе жатқан асыл салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, үлгі - өнеге, жасы үлкенді сыйлау, парасатты мейірімді болуға үйрету;
3) оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық, т. б жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ана туралы қанатты сөздер, техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі
ІІ. Баяндама
ІІІ. Топтастыру стратегиясы (Ана)
ІV. Синкуэйн стратегиясы
5 жол өлең шығару
1. Зат есім 1 сөз
2. Сын есім 2 сөз
3. Етістік 3 сөз
4. Сөйлем 4сөз
5. Синоним
V. Әріптерді ауыстыру арқылы сөз құрастыру (Мейірімді)
VІ. Жалғасын тап.
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Анасын сүйгеннің.................... баласын сүй.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
VІІ. Трининг
VІІІ. Қорытынды
Мұғалім:
Ананың ақ сүтін ақтау деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай жүзеге асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам, өзі сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Анаға құрмет өмір бақи терең де, шексіз болуы керек.
Ана сыйламаған тас жүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен өмірде қатты соққы көреді.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай келе, адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - АНА деп білеміз!!!