Ақтөбе қаласы, № 39 қазақ орта мектебінде
Бастауыш сынып мұғалімі Аспантаева Лида Батырбековна
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды әңгіменің мазмұнын таныстыра отырып, ондағы негізгі ойды, идеяны меңгерту, көркем шығармаға қызығушылығын арттыру
ә) Дәлелді сөйлей білуге, ой - өрісін, тілін, сөздік қорын, логикалық ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту
б) Оқушыларға өмірде біріне - бірі жақсы көзқараспен сыйласу, түсінісуге, сабырлы болуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ
Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, түсіндіру, сауалнама, зерттеу, эссе, сахналау, сұрақ - жауап
Жаңа технологияның түрі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы (зерттеу конференциясы)
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сахна, портрет
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
1 - топ. Сауалнама
2 - топ. Зерттеу
3 - топ. Қойылым
4 - топ. Сұхбат
5 - топ. Эссе
Негізгі бөлімді меңгерту
1. Қызығушылықты ояту
Сауалнама. 1 - топ
1. Ы. Алтынсарин кім?
2. Ы. Алтынсарин қай жылы дүниеге келді? Қайда?
3. Кімнің қолында тәрбиеленді?
4. Ұлты кім?
5. Ы. Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясын” қай жылы шығарды?
6. “Кел, балалар оқылық” өлеңін толық айтып бере аласың ба?
7. Қай жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды?
8. Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?
9. Ы. Алтынсариннің “Баланың айласы” шығармасы арқылы қандай ой түйдің?
2. Мағынаны ашу
2 - топ. Зерттеу
а) “Баланың айласы” әңгімесін кезектесіп, мәнерлеп оқыту
ә) Түсінік беру, кейіпкерлерді атау
“Түртіп алу”
Төре (төрелік) - шешім
Әйдік - үлкен
б) Жоспарлау:
1. Жапан даладағы сандық әлегі
2. Ғалымның “Жақсылыққа жамандық бар ма?” сұрағына жауап іздеуі
3. Баланың тапқан айласы
3 - топ. Қойылым
Қойылым кейіпкерлері:
Ғалым қобдиша жылан түйе жеміс ағашы ит бала
4 - топ. Сұхбат
Сұхбат тобының мақсаты: осы әңгіме туралы қосымша ақпарат алу
1. Ы. Алтынсаринның еңбектерінің мәні неде?
2. “Баланың айласы” әңгімесінде автор нені айтқысы келді?
3. “Жақсылыққа жамандық бар” дегенді қалай түсінесіз, дәлел келтіріңіз.
4. “Жақсылыққа тек жақсылық бар” дегенді дәлел арқылы түсіндіріп берсеңіз?
5. Өз өміріңізде болған оқиға туралы айтып кетсеңіз?
3 Ой толғаныс
5 - топ. Эссе
Маған бұл әңгіме ұнады. Өйткені, баланың тапқырлығы, ғалымның ақылдылығы туралы айтылған. Жыланның жақсылықты түсінбеуі өзіне жамандық әкелді. Жылан сияқты жақсылықты түсінбейтін тіршілікке жақсылық жасаудың қажеті жоқ деп білдім.
Эссе.
Маған бүгінгі сабақ қатты ұнады. Өмірде әр нәрсені өз ыңғайы бар екенің білдім. Жеміс ағашы ренжиді, бірақ ол түсінбей тұр. Себебі, адам жемісін алып тұрмаса, бұталары сынып кетуі мүмкін.
Эссе
Мен әңгімені оқығанда, әр нәрсені ойланып істеу керек екенін білдім. Жақсылыққа жақсылық бар екендігін түсіндім.
Эссе.
Бүгінгі сабақта көп нәрсе білдім. Ыбырай атаның кім екенін және мен де ұлы адамдар сияқты атақты болу үшін, көп оқып, ақылды болу керек екенін ұқтым.
Үйге тапсырма
Барлық оқушыларға эссе жазып, өз ойларын тиянақтап келу
Бағалау парағы
Өзін - өзі бағалау
Топ басшысының бағасы
Мұғалім бағасы
Қорытынды баға
Сабақ аяқталды.