Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың аудан туралы және ауданды табуда алған білімдерін есептеулерде қолдана алу біліктерін дамыту үшін біріккен және өздік жұмыс түрлерін жүргізуге жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:
• білімдік: аудан туралы алған білімдерін бекіту, ауданды өлшеу бірліктерінің арақатынасын анықтай отырып, ар өлшем бірлігімен таныстыру, игерген біліктерін іс – жүзілік тұрғыда қолдану, осы тақырып бойынша деңгейлерін анықтау;
• дамытушылық: ауызша және жазбаша математикалық тілдерін дамыту; логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, талдау, салыстыру, жинақтау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
• тәрбиелік: танымдық, оқу еңбегіне деген көзқарасқа; коммуникативтік қарым – қатынас мәдениетіне, басқаларды тыңдау, өз ой – пікірін білдір, жұппен жұмыс істеуге; өзін – өзі бақылауға; математиканың қажеттілігін сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.
Әдіс – тәсілдер:
1) берілетін сабақтың түріне сәйкес: сөздік (әңгіме), көрнекіліктік (дайын сызбалар, презентация), практикалық (алған білімдерін қолдану);
2) оқыту әрекеті жағынан – өнімді.
Танымдық қабілетін қалыптастыру жолдары: сыныппен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)
Мұғалімнің сабақты бастауы. Сабақтың мақсатын құру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (2 мин.)
Есептің 6 түрін 6 оқушыға оқыту
Жеке оқушымен жұмыс
Тақтада үш оқушы үлестірмемен жұмыс жасайды.
Бір қорап печенье 23 кг. Осындай 7 қорап печенье неше кг?
500 кг = …… ц
3 ц = ……кг
4т = …… ц
Анасы дүкеннен 5 кг 400 г, ал қызы одан 3 кг 200 г жеңіл болатын сөмке әкеле жатыр. Екі сөмкенің салмағы қанша?
3. Игерген білімдерін тексеру (5 мин.)
Берілген сандарды топтастырады: 2, 46, 5л, 2 дм², 3см, 2 дм, 4мм, 100, 45дм². Ең бірінші жай сандар және атаулы сандар; аудан бірліктерін бөліп аламыз.
Ауызша сұрақтар
1) Фигураның ауданы дегеніміз не?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Ауданды өлшегенде қандай бірлікті қолданамыз?
Парақ қағаздың, өшіргіштің, сынып тақтасының, сіріңке қорабының, үстелдің, оқулық мұқабасының ауданын қандай бірлікпен өлшеген қолайлы?
- Бақшаның, алаңшаның, бөлменің еденінің ауданын қандай бірлікпен өлшеген ыңғайлы?
2 тапсырма
Ауданды өлшеу бірліктерін атаңдар: м², см, дм², а
Орналастырыңдар: өсу ретімен; кему ретімен атаңдар.
- Ең үлкен бірлік қалай аталады екен?
- Кестені жаттап алыңдар: 1 дм² = 100 см²
1 м ² = 100дм²
1а (ар) = 100м²
Армен қандай жердің ауданы өлшенеді?
4. Өткен материалды қолдану (15 мин.).
2 (ә)
2дм²=200см² 4м²=400дм² 5а=500м²
300см²=3дм² 700дм²=7м² 400м²=4а
- Ірі өлшемнен кіші өлшемге айналдыру үшін қандай амал қолдандық?
- Кіші өлшеммен ірі өлшемге айналдыру үшін ше?
№ 3. А) бөлігі ауызша орындалады.
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Ә) бөлігін жазып көрсетеді. 8дм • а
Б) бөлігін тақтаға шартын жазып, есепті шығарады.
а – 10дм
S – 80дм²
b -?
Ш: 80: 10 = 8 (дм)
Ж: ені 8дм
№5 есепті талдай отырып шығарамыз.
А) бөлігінде ұзындықты емес, ауданы тауып аламыз.
Ә) бөлігін жазбаша орындаймыз.
Тік төртбұрыш мен шаршыны салыстыру.
- Қандай ұқсастық бар?
- Қандай айырмашылық бар?
№6 және 7 тапсырмалар талданып орындалады. Шаршыда бір ғана өлшем арқылы аудан мен периметрді табуға болатыны қорытындыланады. Шаршының периметрін табу үшін қабырғасын 4 – ке көбейтеміз.
– Шаршының ауданын табу формуласын жазыңдар.
- Тік төртбұрыштың ауданын табу формуласын жазыңдар.
5. Сергіту (1 мин.)
6. Игерген білімдерін қолдану (10 мин.)
№8 есепті талдай отырып, өздері орындайды.
Қорытынды: Ауданды табу есептерді шығаруда қажет және түрлі есептеулерде қажет
7. Үйге тапсырма (2 мин.)
1) №4 (20 – бет)
2) Өз бөлмелеріңнің ауданын табыңдар.
7 сұрақтан тұратын тестік тапсырманың дұрыс жауаптарын айтады. Болған соң тақтамен тексеріледі.
3 - 4 – 3
5 - 6 – 4
7 – 5
9. Рефлексия (2 мин.)
– Не білдік?
– Алған білімді қолдануға бола ма?
- Сабақта не қиын болды, қандай тапсырма жеңіл болды?
Бағалау