Болашақта қажетсіз болып қалатын 5 мамандық түріБолашақта, көптеген қызмет көрсету орындарындағы адамдарды роботтар да алмастыруы мүмкін

Скачать

Болашақта қажетсіз болып қалатын 5 мамандық түрі

Болашақта, көптеген қызмет көрсету орындарындағы адамдарды роботтар да алмастыруы мүмкін. Бұған дәлел, Дубайда ХҚКО мамандардың жұмысын арнайы роботтар атқара бастаған. Демек, роботтар мен технологиялар өміріміздің бір бөлшегіне айналып барады.
Осы орайда The Qazaq Times алдағы 10 - 15 жылдың көлемінде нарықтан кететін және толықтай заманауи технологиялық жабдықтармен алмастырылатын қызмет түрлерін назарыңызға ұсынады.

1. Сауда орталықтарындағы кассир
Дүкендердегі кассирдің қызметі – тауардың штрих кодын теріп, бағаны есептеп, ақшаны алумен шектеледі. Сол себепті де, болашақта сатып алушылар арнайы компьютердің көмегімен тауардың құнын біліп, ақшасын төлейтін болады. Яғни, бұл жұмыс автоматтандырылатын болады. Қазірдің өзінде, Чехияның көптеген сауда орталықтарында, дүкендерде өз - өзіне қызмет көрсету кассалары жұмыс істейді.

2. Күзетшілер
Аймаққа келген адамдарды танып, бақылаушы карталарын тексеріп, кіргізіп отыратын технологиялар Қытайда сынақтан сәтті өткен болатын. Бұл толықтай күзетшінің қызметін атқара алады.

3. Тіс дәрігерлері
Медицинаның дамуы да көптеген қызмет түрлерінің қажетсіз болып қалуына себеп болып отыр. Бәлкім, естіген боларсыз, ғалымдар адамның тісін өздігінен емдеп, эмальдағы және тістегі тесіктерді бекітіп, тістің өзін - өзі емдеуіне көмектесетін тіс пастасын жасап шығарды.

4. Құрылысшылар
Соңғы кезде танымал бола бастаған 3D принтерлер барлық құрылыс нысандарын адамның көмегінсіз - ақ жасап шығаруға мүмкіндігі беріп отыр.

5. Бухгалтерлер
Ақшамен, есеппен айналысатын адамдардың қиын жұмысын компьютерлік бағдарламалар толықтай алмастыратын болады.

Дереккөзі: nur


Скачать


zharar.kz