Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау

Скачать

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырыбы: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т. б., слайд
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай - ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 а сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Оқушы: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті ата – аналар бүгінгі 1 а сынып оқушыларының: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Оқушы:
Нұржан: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Радомир:. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
Хан мен оның қызы келеді: Уа, халайық осында 1 а сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп едім сол рас па? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп. Егер қызыма осы 1 а сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.
Оқушы: Йа, атай сіз шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің кешімізге, төрлетіңіз.
Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!
Ортаға қара жорға биімен бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар.
Оқушы: Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол – әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
Әліппе... Әліппе...... Әліппе

Дайындаған: Хамитова Мөлдір Нұржанқызы
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем! жүктеу


Скачать


zharar.kz