Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Бөлігі бойынша санды табу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ережесін, бөлігі бойынша санды таба білуді үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: бөлігі бойынша санды табуды өмірде де қолдана білу.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, ақыл - ойын, есте сақтауын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: Плакаттар, кеспе қағаздары.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды игеру
ІV. Есептер шығару арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау, үйге тапсырма беру
VI. Сабақты қорытындылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Отырыңыздар! Сабағымызды бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың үй жұмысы дәптерлерін жинап аламын.
ІІІ. Жаңа материалды игеру
1 - есеп. Оқушының кітапханасында 70 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптардың
2 5 - сіндей. Оқушының кітапханасында неше кітап бар?
Шешуі: Есептің берілуі бойынша 70 оқулық оқушының кітапханасындағы кітаптардың 2 5 - сіне тең.
2 5 - сі – 70 (кітап) болса,
1=5 5 -? (кітап).
Егер кітапханадағы барлық кітаптардың 2 5 - сі 70 кітапқа тең болса, онда 1 5 – і: 70: 2=35 (кітап).
Кітапханадағы барлық кітаптар 5 5 немесе 1 5∙5. Демек, кітапханадағы барлық кітап: 35∙5=175 (кітап)
Сонда 2 5 бөлікке сәйкес 70 санын 2 - ге бөліп, 5 - ке көбейттік, яғни 70 - ті 2 5 - ге бөлуді орындадық.
70: 2 5 =( ∙5) 2_1 =175. Жауабы: 175 кітап.
175 санын оның бөлігі бойынша таптық.
Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
2 - есеп. Машина 145 км жол жүрді. Бұл оның барлық жүруге тиісті жолының 5 9 - індей. Машинаның барлық жүруге тиісті жолы неше километр?
Шешуі: (үлгі): 145: 5 9 = (145∙9) 5=261 (км).
Жауабы: 261 км.
Бөлігі бойынша санды теңдеу құру арқылы да табуға болады.
3 - есеп. Кесіндінің 5 7 - і 15 см - ге тең. Кесіндінің ұзындығын табыңдар.
Шешуі: (үлгі). хсм – кесіндінің ұзындығы. Есептің шарты бойынша кесінді ұзындығының 5 7 - і 15 см - ге тең. Демек, 5 7 х=15. Онда х=15: 5 7 =15∙7 5=21. Кесіндінің ұзындығы 21 см.
ІV. Есептер шығару арқылы сабақты бекіту
№831. Санды табыңдар:
15: 3 4=15∙4 3=20,
45: 5 9 =45∙9 5=81,
13: 1 2 =13∙2=26,
6: 2 3 =6∙ 3 2 =9.
№832. 1) Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 3 5 - іне тең. Қоян неше жыл жасайды?
Қоян -?
Тиін - 6 жыл. 3 5 б.
Шешуі: 6: 3 5=6 ∙ 5 3=10 (жыл)
Жауабы: Қоян 10 жыл жасайды.
№833. Тік төртбұрыштың ені 4 1 5 см, бұл оның ұзындығының 1 2 – індей. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
а -?
в - 4 1 5 см 1 2 б.
Шешуі: 4 1 5 ∶ 1 2=(21∙2) 5=42 5=82 5 (см ұзындығы)
P=2(a+в), Р=2(8 2 5+4 1 5 ), P=2∙123 5, Р=2∙63 5, Р=(2∙63) 5, Р=126 5, Р=251 5 (см)
Жауабы: Тік төртбұрыштың периметрі 251 5 сантиметрге тең.
№834. Бірінші жәшікте 8 кг алма бар. Бұл екінші жәшіктегінің 4 5 – індей. Екі жәшікте неше килограмм алма бар?
І жәшік – 8 кг 4 5 б.
ІІ жәшік -?
Шешуі: 8: 4 5 =8∙ 5 4=(8∙5) 4=10 (кг ІІ жәшік)
10+8=18 (кг)
Жауабы: Екі жәшікте 18 килограмм алма бар.
№835. Марат барлық ақшасының 5 7 - іне кітап сатып алғанда, оның 50 тг ақшасы қалды. Алғашқыда Маратта қанша ақша болды?
Алғашқыда -? тг
Қалғаны – 50 тг.
Шешуі: 50 теңге Мараттың ақшасының қандай бөлігі?
5 7=2 7.
50: 2 7 =50∙7 2 =25∙7=175.
Жауабы: Алғашқыда Маратта 175 теңге ақша болды. (В)
№836. Бөлігі бойынша шамаларды табыңдар:
16: 4 7=16∙7 4=28( м)
30: 5 8 =30∙ 8 5 =48 (дм)
V. Бағалау, үйге тапсырма беру
Сабаққа белсене қатысып, тақтаға шыққан оқушыларды бағалаймын.
Үйге: №832 (2, 3)
№835 (2)
№836 (3, 4, 5, 6)
VI. Сабақты қорытындылау
Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!