Айжан барып шаһарға кірейін десе күзетшісі менің берген тапсырмаларымды орындамасаң, кіргізбеймін депті

Скачать

Математика пәні
Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты: Қосындыдан санды азайту тәсілі туралы алған білімдерін толықтыру
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы логикалық ойлауын арттыру;
2. Оқушыларды байланыстыра сөйлете отырып есепті әр түрлі тәсілмен шығару дағдысын дамыту;
3. Тапсырманы түсініп орындауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қатар, қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу боп тұрайық.
Бәріміз де бірдей боп,
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа - нақ,
Дайындалдық бәріміз.
І қатар жай отыр,
ІІ қатар сен де отыр,
ІІІ қатар тез отыр.

ІІ. Негізгі бөлім
- Ертедегі тыңдағыларың келе ме?
- Жарайды!
- Олай болса мен сендерге керемет бір ертегі айтып берейін.
- Жарай ма?

Мұғалім:
- Ерте, ерте, ертеде Айжан деген қыз болыпты (суретін көрсету). Айжанның ата - анасы, 7 ағасы болыпты. Бұл балалар өте ақылды, мейірімді болып өсіп келеді екен. Айжанның 7 ағасының осындай жағымды мінездеріне ауыл адамдары таң қалады. Күндердің күнінде Айжанның ата - анасы қайтыс болады.
- Ал, мыстан кемпір келіп Айжанның ағаларын 7 аққуға айналдырып жібереді. 7 ағасын таба алмаған Айжан орман кезіп жүрсе, төбесінен аққулар ұшып өтеді (Слайд көрсету). Соңғы аққудың дауысы кенже ағасының дауысына ұқсап кетеді. Бұл аққулар хан шаһарының басына барып қонады (суретін көрсету).
- Айжан барып шаһарға кірейін десе күзетшісі менің берген тапсырмаларымды орындамасаң, кіргізбеймін депті.
- Айжан қатты сасыпты
- Енді не істейміз, балалар?
- Айжанға көмектесеміз
- Жарайсыңдар!
- 1 есікте қандай тапсырма бар екен?

1 - есікте:
- Үй тапсырмасын тексеру, дәптер жинау, күннің жадын жазу және көркем жазу.
- Міне, қыс мезгілі, енді қар да жауып қалар, сол кезде бәріміз аққала жасап ойнаймыз. Күзетші біздің шеберлігімізді байқағысы келген ғой (Аққала бейнесінен сандарды көркем жазу 013478).
- Сөйтіп Айжанға сіздердің көмектерің тиіп, 1 - ағасын табады

2 - есікте:
- Назар аударамыз
(6+4) – 3= 7
(6 - 3) + 4=7
(4 - 3) +6 = 7
- Қандай өрнектер?
- Жақшалы өрнектер
- Ұқсастықтары бар ма?
- Сандары, таңбалары.
- Енді оқып көреміз
- Қосындыдан санды азайтамыз
- Айырмаға санды қосамыз
- Айырмаға санды қосамыз
- Мәндері 7 - ге тең.
- Бізге есептеуге ыңғайлы, тиімдісі қайсысы?
- Яғни (4 - 3) +6 = 7 – тиімді.
- Сөйтіп Айжан 2 - ағасымен қауышады.

3 - есікте:
№2 есеп. Оқулықпен жұмыс (Әр түрлі тәсілмен шығару).
- Оқулыққа қараймыз
- Есепті әртүрлі тәсілмен орындаймыз.
- Есеп неден тұрады?
- Есеп не туралы – шам тізбе туралы – гирлянды
- Есепте не белгілі? Не белгісіз?
- Қызыл шам – 40
Жасыл шам – 30
Күйіп кетті – 10
Қалғаны -?

Ш: 1.(40+30) – 10 = 60 шам
2.(40 - 10) + 30 = 60 шам
3.(30 – 10) + 40= 60 шам
Ж: 60 шам қалды

- Сөйтіп Айжан тағы да қуанышқа кенеліпті.

4 - есік:
- Қане, назар аударамыз. №4 сурет бойынша екі амалмен орындалатын есеп шығару. Түлкі мен қоян кездесіп, алма жинауға алма бағына барады. Түлкі 16 алма жинайды. Ал, қоян оған қарағанда 6 алма кем жинайды. Түлкі мен қоян барлығы қанша алма жинады?
Түлкі – 16 а
Қоян –? 6 алма кем
Ш: (16 – 6) + 16 = 26
Ж: барлығы 26 алма жинады.
- Сөйтіп Айжан тағы да қуаныпты.

5 – есік:
Сергіту сәті.
- Жаңағы түлкі, қояндар қайда тұрады?
- Орманда
- Олай болса бәріміз Айжанмен бірге жаттығу жасаймыз. Бұғының үлкен үйі бар, Терезеден қарайды ол, Қоян жүгіріп келеді...
- Осылай Айжан келесі ағасымен қауышыпты.

6 – есік:
Математикалық диктант
- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан тәуелсіздік күні
- Н. Ә. Назарбаев атамыздың салиқалы саясаты нәтижесінде егеменді ел болдық (21) -? М. Д.
- 13 + 3= 16
- 19 – 3 = 16
- 1сағ -? мин (60)
- 1 апта -? (7) күн
- 1сағ 10мин -? (70мин)
- 1сағ 40мин -? (100 мин)
- 2 - 3 балаға оқытамын
- Осылай Айжан кішкене ағасын көріп қуаныпты.

7 - есік:
Не үйрендік, не білдік?
- Аққала денесінің сандардан тұратынын білдік?
- Қосындыдан санды азайту тәсілін білдік?
- Алда мерекенің жақын екенін білдік.
- Жарайсыңдар!
- Осылай Айжан кенже ағасымен де қауышады.
- Балалар, Айжан ағаларын табатын жолды қалай тапты. Кенже ағасының дауысы есінде сақталып қалған екен. – Міне, біздер де осындай аңғарымды, орындалған тапсырмаларды есте сақтай білуіміз керек екен, және бір - бірімізге бауырмал болуымыз керек екен.
- Әдетте ата - аналар көп балалы үйде 7 - баласынан көп үміт күтеді екен. Сол сияқты күллі әлемге қазақ елін паш еткен боксшы Ермахан Ибраймов жанұясында 7 бала екен. Міне, көрдіңіздер ме 7 ағасының дауысы және сіздердің көмектеріңнің нәтижесінде ағаларымен қауышып бақытты, ұзақ өмір сүріпті.

Сабақ аяқталды.
Үйге тапсырма:
Бағалау:


Скачать


zharar.kz