Біздер химиялық қосылыстар, Лагун тұрғындары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері

Мақсаты: а) білімдік - химиялық реакция типтері жайлы білім беру.
б) тәрбиелік – ғылыми - саналылыққа тәрбиелеу
в) дамытушылық - оқушылардың ерік пен дербестігін дамыту

сабақтың типі: жаңа материалды игерту
түрі: лабораториялық, Лагун құпиясын зерттеу
әдісі: проблемалау, демонстрациялау, жұмбақ ойын
Техникалық құралдар:электрондық диск (тәжірибелер); интерактивті тақта.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, Лагун картасы
Пән аралық байланыс:Математика, география

Сабақтың жүру барысы: I Ұйымдастыру (амандасу,кезекшімен жұмыс)
II Кіріспе Елестету стратегиясы Балалар! Сіздер саяхатқа шығуға, құпия сырын ашуға қызығасыздар ма?Әрине, кез-келген адам жасына қарамастан саяхатқа 7шығуға, құпияны ашуға құмар келеді. Ендеше, Химия кемесімен білім әлемінің көкжиегіне шарықтап көрейік.Мен, кеме капитаны, сіздер жолаушылар. Кездейсоқ Химиялық Лагунге тап болдық . Құпия Лагун - біздің мекеніміздегі суқоймасы.Біз білетін қандай қосылыс бізге серік бола алады? Ашық мұхитта қалып қойдық.Бізге су серік болып, Лагун тұрғыны қарсы алды.Судың әңгімесін тыңдайық және үйге қайтар жолды көрсетуді сұрайық.
Келісім шарт: - бір - бірімізді тыңдаймыз
- ойымызды ашық, еркін айтамыз.

Су: Біздер химиялық қосылыстар, Лагун тұрғындары.Біз бір кезде қандай едік? Бір-бірімізбен туыс едік, тату тәтті өмір сүріп жаттық. Біздің өміріміз өте қызықты еді.Бірімізге - біріміз бауыр басқан ағайын, тума-туыс болатынбыз. Айналамызға жылу таратып, түрлі-түсті өзгерістерге ұшырап, химиялық айналулар жүргізіп, бір-бірімізге қонаққа баратынбыз.Бір күні Пері сиқыршы біздің туысқандық есімізді ұрлап алды.Содан бері бір туғанымызды, атымызды ұмытып, есімізден айырылдық. Біз кімбіз? Біз бір-бірімізбен қалай қарым-қатынас жасаймыз, қонаққа қалай барамыз, бәрін ұмыттық. Қосылыстарды сиқырлап тастаған. Нәтижесінде бәріміз бөлек-бөлек тұрамыз, ауылдарымызда бөлек.Бірақ әлі үміттенеміз . Туысқандық жақындығымызды қайтадан қалпына келтіргіміз келеді. Ол үшін бізге Пері сиқыршының 3 тілегін орындап, көмек берсеңіздер екен. Бізге көмектесетін қайырымды жандар табылар ма екен? Біз сіздерге адаспайтын білім жолын көрсетеміз. Іске сәт!

Мұғалім: балалар, енді біздің шығар жолымыз жоқ.Білімдерімізбен Лагун тұрғындарына көмек берейік. Келісесіздер ме? Ендеше, Пері сиқыршының бірінші тілегін тыңдайық.Су Лагун су қоймасының картасын көрсетеді.Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Зат мөлшері деген не?
Молярлық масса деген шама нені өрнектейді?

III Жаңа білім беру Ауылдың аты неге өзгеше?
Алгоритмі:
1.Қосылу реакциясы
2. Айырылу реакциясы
3.Орынбасу реакциясы
4. Алмасу реакциясы
Fe+S=FeS; CaO+H2O=Ca(OH)2; Cu(OH)2=CuO+H2O;
CaCO3= CaO+CO2
Fe+CuCl2= Cu+FeCl2
Zn+2HCl= ZnCl2+H2
CuO+H2 SO4= CuSO4+H2 O

IV Екінші тілегі: Картадағы қосылыстарды шешу
Мына реакция теңдеулерін теңестіріңдер, коэффициенттерін қойындар, типтерін анықтап, теңдеуден сол жанына жазып қойындар:
C +2 H2→CH4: 2HgO →2 Hg+ O2
2KOH + H2 SO4→ K2 SO4+ 2H2 O алмасу

V Үшінші тілегі: Сиқыршы әр ауылға карточка қалдырып кеткен.Соны шешу керек.
Мынадай реакция теңдеулердегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер, әрі реакция типтерін анықтаңдар:
1.Mg+ ? → MgO:
2.Fe(OH)3 → Fe2 O3+?
3.Zn+ ?→ Cu + ZnCl2
4.?+ HCl→ ZnCl2+ ?
Су:Химиялық Лагун тұрғындары сиқыршының қоршауынан босады.Біз қайтадан бір-бірімізбен табысып, химиялық байланысқа түстік. Мен сіздердің жолдарыңызды көрсетейін, белсенді қатысқан оқушыларға сыйлығым бар.

VI Бағдарламалық тапсырма код құру. Сабақты қорытындылау 8 7 1 2 2
Химия пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (8)
Валенттілік саны (7)
Сутек неше валентті (1)
НО формуласындағы валенттілікке сәйкес қандай индекс қойылады? (2)
Оттек неше валентті (2)

VII Үй тапсырмасы § 18. №8,9
76б №5
Сабақтан алған әсері жайлы қызықты әңгіме, сөзжұмбақ жазу.

VIII Оқушыларды бағалау:
Химияның қыр-сырын танып білген, Элементтен басын қатты шаршады
Ұшқыр ой, белсенділік таныттың сен, Құпияны іздедің сен тым қатты
Лагун құпиясын ашып беріп, Тауып алып мәз болып ең қарашы
Біліміңді көрсеттің 5 - тікке сен 4 - тік баға алдың міне шаттанып.
Қиын болар химияның құпиясы,
Ізденсең, талаптансаң жол ашады.
Көп оқып біліміңді шыңдай бергін,
3 - тікке риза бол қинай келген.

Сабақтың аяқталуы. 60б,61б№4
Бұл сабақта мынадай нәтижеге қол жеткіздім:
- оқушының белсенділігі артты,
- сабақ жоғары дәрежеде ұғынықты өтті,
- білім деңгейін анықтауға мүмкіндік болды.


Скачать


zharar.kz