Қазақ тілі – 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шылау. Пысықтау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуге қалыптастыру.
Дамытушылық: Озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой - өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту;
Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ынтымақтастыққа, елін - жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау, бекіту сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, СТО жобасының стратегиялары ББҮ, ребус
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
Ребус шешу.
Шешулері: мен, туралы, үшін, қой - шылаулары.
ІІ. Мағынаны ажырату
— Ребустың шешулеріне қарап, бүгінгі сабақ немен байланысты екенін айта аламыз ба?
— Бүгінгі сабақта шылаулары тақырыбы бойынша білімдерің анықталады.
ҚАЙТАЛАУ:
Сәйкестендіру тесті.
Зат есім ------------1. Сары, дәмді, көк ала.
Етістік --------------2. Біз, мен, сен
Сын есім ----------3. Бесінші, алпыс, он
Сан есім -----------4. Гүлдер, Алпамыс, шеге
Есімдік -------------5. Пен, және, үшін
Үстеу ----------------6. Күлді, барма, секіріп жүр
Шылау -------------7. Тез, жазда, жоғары
Дәптермен жұмыс:
Дәптерлерді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
Көркем жазу. Аа
Астана мен Алматының арасы алыс.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына – мен, - бен, - және, - да, - де, - та, - те шылауларын қойыңыз.
Қостанай... Астананың арасы алыс. Астанада автобус,,,. Троллейбус..., такси... жүреді. Орталықта орыс, қазақ... театрлары бар. Базарда көкөніс... жеміс - жидек сатылады.
2 - тапсырма. Сөйлемдерді – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе, сұраулық шылауларын қойып толықтырыңыз.
Бұл Парламент үйі...? Бұл сауда орталығы...? Қонақ үйде бөлме бар...? Ертең наурыз мерекесі...? Қабылдау бөлмесінде кісі көп...? Күн суық...? Аяз...? Қонақтар келді...? Ағылшын тілін білесіз...
3 - тапсырма. Төртбұрыштың орнына тиісті сұраулық шылауды жаз
а) Кеше ұшақ ұшты
ә) Оқушы мектептен келді
б) Сіздің үйде түйе бар
в) Сенің атаң ауылда тұрады
г) Марат тамақ ішті.
Ой сергітуге арналған Өре викторинасы
1. Қазақта бірге туылған үш сәбиді қалай атайды? (Үшем)
2. Алпамыс батыр жырының кейіпкерлерін ата (Кейқуат, Қаракөзайым, Гүлбаршын, Аналық, Байбөрі, Тайшық)
3. Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы қайда басылып шықты?(Петербургте)
4. Ақынның қара сөздері алғаш рет қайда басылды?(Семейде)
5. Елге бақ, береке тілейтін халық аңызындағы қария кім?(Қыдыр ата)