Екі сиырдың мүйізі нешеу

Скачать

Білім беру саласы: Таным.
Ұ. О. І. Ә: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктегі қарым қатынастар, заттың орналасқан орнын анықтау, және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта жоғарыда, төменде, арасында). Балаларды 5 заттың арасындағы сәйкестікті табуға, оларды бес бестен топтастыруға үйрету.
Әдіс тәсілдер: сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру, көрнекілік
Көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы, заттық суреттер.

Мотивациялық қозғаушылық
Цифрды тап дид. ойыны.
Тақтаға 1 - 5дейін сандарды іліп қою, содан соң балалардың бірін шақырып, бір цифрды алдыру. Және сол цифр неге ұқсайтынын айту тиіс. Тура және кері санау.

Ұйымдастырушылық ізденіс
бірінші тапсырма:
Жұмбақ
бір аяғы, қалқиған қалпағы бар,
ағаш түбінде тұрағы бар. Ол не?
Екінші тапсырма:
Мына саңырауқұлақтың үстінде не бар?
Ал артында не тығылып тұр?
Мына үй мен ағаштың арасында не бар?
Үшінші тапсырма:
Бес сиырдың басы нешеу?
Екі сиырдың мүйізі нешеу?
Оң қолыңда неше саусақ?
Басымызда неше шаш бар?
Төртінші тапсырма:
Тәрбиеші атаған санды балалар цифрлар арқылы көрсетеді.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосамыз
Қатты қатты соғамыз.
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта. жүктеу


Скачать


zharar.kz