Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйрету.
Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, тез ойлауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Ойын сабақ, жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, қалалардың суреттері, ұшақтың суреті, слайд
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Өткен сабақты қайталау
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Есептер шығару
VI. Қорытындылау
VII. Үйге тапсырма беру
VIII. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 мин)
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру, үй жұмысына қай есеп берілгенін сұрау
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
Оқушылар біз бүгінгі сабақта теңсіздіктер шешімін сан аралығы арқылы жаза білуге, сан аралықтарының атын білуге және координаталық түзуде сан аралықтарын кескіндей білуге үйренеміз. Ереже, анықтамаларды қолдану арқылы есептер шығарамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді.
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
Ерейментау қаласы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің
Математика пәні мұғалімі Жәрдембек Ғалима