Ежелгі Қазақстан тарихы 6 сынып
Тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Халықтардың ұлы қоныс аударуы негізін қалаушы ғұн мемлекетінің тарихы, құрылымы туралы баяндай отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, белсендігін арттыру.
Дамытушылық: Мемлекеттердің қалыптасуының алғы - шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ жауап түрінде өткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Этнология, антропология, дүние жүзі тарихы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Оқушылармен амандасу
В) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау
С) Ынта - зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрақтар мен тапсырмалар арқылы тексеру.
1 тапсырма: Сөзжұмбақты шешу.
2 тапсырма: Сызбаны толтыру.
3 тапсырма: Сөзжұмбақ шешу.
4 тапсырма: Тест.
1. Қандай тайпалар шаруашылықта хумыны кеңінен қолданды?
a) Сақтар.
b) Қаңлылар.
c) Сарматтар.
d) Үйсіндер.
2. Берілгендердің қайсысы қаңлылардың қаласы?
a) Чигучен.
b) Арқайым.
c) Чирик рабат.
d) Көк мардан.
3. Қаңлы мемлекетінің астанасы қай қала болды?
a) Чирик рабат.
b) Сауран.
c) Битянь.
d) Қызыл Аңғар.
4. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларында монғолдық белгілердің пайда болуы кімдердің енуімен байланысты?
a) Монғол.
b) Түрік.
c) Үйсін.
d) Хунну.
5. Қаңлы мемлекеті туралы алғашқы деректер қай ғасырға жатады?
a) Б. з. б. 2 ғ.
b) Б. з. 6 ғ.
c) Б. з. б. 4 ғ.
d) Б. з. 5 ғ.
6. Қазақстанның қай бөлігінде қаңлы мемлекеті орналасты?
a) Жетісуда.
b) Сарыарқада.
c) Сырдария мен Арал маңында.
d) Ертістің жанында.
7. Қай тайпалардың жылжуы Ұлы қоныстануды бастап берді?
a) Қаңлылардың.
b) Сақтардың.
c) Үйсіндердің.
d) Ғұндардың
8. б. з. б. 46 – 36 жж. қаңлылар кімдерге қарсы соғысқа қатысты?
a) Сарматтар мен қытайларға.
b) Сақтарға.
c) Үйсіндерге.
d) Парсылар мен үйсіндерге.
9. Қаңлы билеушісінің лауазымы қандай болды?
a) Шаньюй.
b) Көсем.
c) Патша.
d) Хан.
10. Қай мемлекеттің қаңлылармен ортақ шекарасы болған жоқ?
a) Үйсіндердің.
b) Қытайлардың.
c) Хуннулардың.
d) Сақтардың.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
2. Ғұндар мемлекетінің құрылымы
3. Ғұндар тайпаларының бірлесітігі.
Ежелгі қазақ даласындағы этникалық, саяси және мәдени үрдістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Б. з. б. IV - III ғасырларда Орталық Азияда Қытайдың солтүстік шекараларына жақын орналасқан ғұн тайпалары біріге бастады. Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан б. з. б. I ғасырдың соңы мен б. з.- дың I ғасырында келгендіктен, олардың тарихы қазақ жерімен тығыз байланысты. Оны біз археологиялық қазбалардан және Қытайдың жазба деректерінен білеміз. Ғұн атауы б. з. б. ІІІ ғасырдың аяғында алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. Ғұндардың әлеуметтік - экономикалық және саяси тарихы жөнінде ең алғаш жазған қытай тарихшылары: Сыма Цянь, Бан Гу, Фай - Е - нің шығармалары аса құнды мәліметтер береді.