Дүрбелең сөзінің мағынасы

Скачать

ШҚО, Аягөз қаласы,
№5 жалпы білім беретін орта мектеп КММ
Бастауыш класс мұғалімі
Қызжанова Рауия Аймұхаметқызы

Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Ж. Жұмаханов.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жекен Жұмахановтың өмірбаянымен, Ақ боран мәтінімен таныстыру. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын ашу. Оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу. Ой - өрісін дамыту, білім іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру. Туған жерінің табиғатын сүйе білуге, табиғи құбылыстарды бақылай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру, тіл дамыту, әңгіме құрау.
Сабақтың көрнекілігі: ИТ, боран уілі (дыбыс), автор суреті, қысқы боран суреті.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Дүрбелең. О. Әубәкіров.
Оспанхан Әубәкіров кім?
Қандай өлеңімен таныстық?
Бұл өлең қандай шығарма түріне жатады?
Сатира дегеніміз не?
Өлең неге дүрбелең деп аталады?
Дүрбелең сөзінің мағынасы.
Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме?
Бектайдың ісіне сен қандай баға бересің?
Өлеңді рөлге бөліп оқыту.
Оспанхан Әубәкіровтың тағы қандай мысалдарымен танысып едік?
(Сүт қалай ұйықтады?, Ара мен шыбын?) Бұл мысалдардан біз не үйреніп едік?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ ұлиды. (Боран)
Қазір қай мезгіл?
Қыста қандай табиғат құбылыстары болады? (Үнтаспаспадан ұлыған боран дыбысын тыңдату).
Көз алдарыңа не елестеді?
Өздеріңді осы боранның ортасында тұрмыз деп есептеңдер.
Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
Кіріспе. Жекен Жұмахановтың Ақ боран мәтінімен танысымыз.
Өздерің жаң боран дауысын естігенде қалай сезіндіңдер?
Олай болса, Ақ боран мәтінінің кейіпкерінің басынан не кешкенін жақсы түсінетін боласыңдар?
Жекен Жұмаханов 5 желтоқсанда 1913 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. Семейдегі Пед училищені бітірген. 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәншүкпен бірге майданда болған. Мәншүк туралы очерктер жазған. Өзіміздің жерлесіміз. Ендеше мәтіндегі табиғи құбылыс өзіміздің өңіріміздің қысқы құбылысы.

Мәтінді мәнерлеп екі оқушыға оқыту.
Дәптермен жұмыс:
Түртіп алу стратегиясы.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді табады.

Сөздік жұмыс: Ышқынды – қатты соғады,
Екілене – желдің екілене соғады
Бүлкек – аттың желіп жүруі.
Сергіту сәті:
Іштей оқу. Қатарға тапсырма.
Қатар. Қыстың суретін беретін жерлерді тауып оқып айтып береді.
Қатар. Жазушының боранға адам қимылын бере суреттеген жолдарын тауып оқып, әңгімелейді.
Қатар. Қасымның ішкі ойын беретін жолдарды тауып оқы, әңгімеле.
Мәтінді бөліктерге бөлуді, ат қоюды тапсыру.

Білімді жинақтау: Сұрақ - жауап әдісі.
Қасым қайда оқиды?
Қасымның боранда адаспауына не себеп болды?
Ол нені есіне алды?
Оны табандылығын, ақылдылығын қандай іс - әрекетінен байқауға болады?
Қасымның орнында болсаң сен не істер едің?
Автор бұл әңгімен неге жазды деп ойлайсыңдар?

Әдебиет лотосы
Қасым
Дәлел
Үлкеннің сөзін тыңдайтыны
Байқағыштығы
Шыдамдылығы
1. Үсік аяқтан басталады деуші еді үлкендер.
2. ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті...
3. Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты...

1 - қатар.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.

2 - қатар. Қыс туралы мақал - мәтел.

3 - қатар. Қысқа байланысты халық болжамдары.
Түйін: Қасымның ақылдылығы, шыдамдылығы, үлкендерден көрген - білгендерін есте сақтай отырып, өзіне керек болған кезде пайдалана білуі.
Бағалау: Қар ұлпасымен бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау. Менің қызықты бір күнім шығарма.


Скачать


zharar.kz