Сабақтың тақырыбы: Шәкірт балаларға Ж. Жабаев
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ж. Жабаевтың Шәкірт балаларға өлеңін түсіндіру, меңгерту. Ауыз әдебиетінің мәнін түсіндіру. Сөз өнерінің құдіретін меңгерту.
2. Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық қызығушылықты кеңейту.
3. Ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету. Дана, дара тұлғаны қалыптастыру.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап, ойын, ортада қаламсап, бес жолды өлең, автор орындығы стратегиялары
Көрнекілігі: Жамбыл ақын және Сүйінбай портреті, интерактивті тақта, видеоролик
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізу
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба қонақтар,
Амансыз ба әлем
Баршаңызға амандық сәлем!
ІІ. Өткенді пысықтау
Еңбек түбі - береке тарауын оқып, Бәйге ойыны арқылы қорытындылау