Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері
Мақсаты: 1. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері туралы ұғым бере отырып, оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету.
2. Оқушыларға саналылыққа, зеректілікке достыққа тәрбиелеу. Білімге деген қызығушылығын, жылдамдыққа, тапқырлыққа, дәлдікке баулу.
3. Оқушының логикалық ой - өрісін, есептеу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, СТО стратегиясы(элементі).
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 12. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Тік төртбұрыштың, шаршының неше қабырғасы бар?
- Дұрыс.
- Жақсы, балалар 4 мезгілді қоссақ 1 жыл шығады. 4 қабырғаны қоссақ не шығады?
- Периметр
ІҮ. Жаңа сабақ: Ұжымдық талдау.
№ 1. Тік төртбұрыштың периметрін тап:
Неліктен былай табуға болады?
( 3 см + 1 см) ∙ 2 = 4 см ∙ 2 = 8 см
Тік төртбұрыштың периметрін былайша табуға болады:
1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы;
2 - тәсіл: оның тең емес қабырғаларының ұзындықтарын қосып, алынған қосындының мәнін 2 - ге көбейту арқылы.
№ 2 Шаршының периметрін тап.
Бұл шаршының периметрін былай табуға бола ма? 1см ∙ 4 = 4 см
Шаршының периметрін былайша табуға болады:
1 - тәсіл: оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу;
2 - тәсіл: оның бір қабырғасының ұзындығын 4 - ке көбейту.