Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санның квадраты. Санның кубы
Жалпы мақсаты: 1 Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету. Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру, білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
2 . Оқушылардың математикалық тілін, логикалық ойын дамыту.
3 . Пәнге құзіреттеу, шапшаңдыққа үйрету.
Күтілетін нәтиже: 1 Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға берілген тапсырмаларды орындайды. Оқушылар көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін және оның есеп шығаруда қолданылуын қарастыру біліктерін арттырады.
2 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды, көбейту мен бөлуді орындайды.
3 Ақыл – ойы, ой – өрісі, танымдық қабілеттері, логикалық ойлауы дамиды.
Негізгі идея: Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға берілген тапсырмаларды орындайды шығарумен таныстыру, берілген тапсырмаларды орындайды.
Тапсырмалар:
Оқыту әдісі: Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс. Жеке жұмыс
Жұбыңа әңгімеле , Жұптас, ақылдас, талқыла
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, оқулық, АКТ, плакат, стенд, т. б. құралдар
Жүргізілетін жұмыстар
Сабақтың кезеңі, уақыты
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Топқа бөлу.
Назарларын жаңа сабаққа аудару1. Кім жылдам? ойын. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.
1. Периметр дегеніміз не? (үшбұрыштың, шаршының, тік төртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
2. Шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
3. 4 - ті 2 есе арттыр. (8)
4 7+7+7+7 =?(28)
5 47 - нің 17 - ден нешеуі артық? (30)
6. 3*3*3=? 4*4=? 2*2*2=?(27; 16; 8)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы,
Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Бақтыгереева Алтынай Кәрімқызы