Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктері шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізінде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртурлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойыншабюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай:
- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Бюджет жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.
Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімді өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейіше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға мыналар жатады:
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейінебекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасатын бюджетаралық мәнін,олардың ұйымдстырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және күрделі мәселеге айналып отыр. Бюджеаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейдегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.
III .Бюджет тапшылығының салдары және оны жою шаралары.
3.1. Бюджетті байыту жолдары
Республика салық қызметінің кәсіпорындардың көбісі тоқтап, жұрттың бәрі ұсақ саудагерлікке бет бұрған кезеңде ел бюджетін толықтыру бағытындағы жұмыстары күн тәртібінен түспек емес. Бюджет дегеніміздің өзі, халыққа түсінікті қарапайым тілде айтқанда, мемлекет үшін жұмыс істеп отырғандардың игілігі. "Халық болмаса мемлекет болмайды" деген аксиоммаға сүйенсек сан-салалы қызметін жандандырамыз. Бюджетті толтырудың қисынын тауып, қиюын келтіру оңай шаруа емес. Сондықтан да аса қатал қаржылық бюджеттік саясат қолданылуда. Қазір біздің барлық күшіміз кірістерді бюджетке шоғырландыру ісіне жұмылдырылып отыр.
1996 жыл Мемлекеттік салық комитеті үшін жаңа функциялардың айқындалу жылы болды. Салық туралы жаңа заңдардың жүзеге асуы мен салық салу жүйесін реттейтін жаңа заң актілерінің қабылдануы да өткен жылы болды.
Үстіміздегі жылдағы салық мәселесі мен бюджетке түсетін кірісті сөз етпес бұрын өткен жылғы көрсеткіштерге тоқтала кетейік.
Қаржы министрлігінің коллегия мәжілісінде 2 рет талқыланды.
Салық комитетінің орталық аппараты өзге де тиісті органдармен бірлесе отырып республика көлемінде комплексті және салалық тексерулер жасады, практикалық көмек көрсетті.
Салық саласы бойынша тексерулердің бірін-бірі қайталамауы үшін әрі Салық кодексінің 137 - бабының қалтықсыз орындалуы үшін іс-қимыл шаралары жаалып, ол төменгі органдарға жеткізіледі. Соның аясында тексерулер тәртібі қадағаланып отырды. Тексерулер тәртібін бұзушылар жазаланады. Мысалы, Оңтүстік Қазақcтан облысы, Түркістан аудандық салық комитетінің инспекторлары И. Анашев пен Г. Төрежанов қызметтен босатылады.
Кей аймақтарда негізгі-негізгі берешек мекемелер қатаң назарда ұсталып өзге ұсақ қарыздары барлар бақылаусыз қалады. Қарыз мекемелері қаптаған Павлодар облысы салық комитеті мен Солтүстік Қазақстан облысы салық комитеттеері жартыжылдықтағы берешекті 24,1 млрд теңгеге түскен болатын.
Тағы бір назар аударатын дүние-кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қамтамасыз ету. Біз көбінесе өзге де тиісті ұйымдармен бірлескен тексерулер жасауға тырысамыз. Алайда Алматыда, Қызылордада әлі күнге салық полийиясының соңынан тексеруге салық инспекциясы, немесе керісінше, Осыны жоюымыз керек.
Салық органдарының қызметін бағалаудан мына көрсеткіштер есепке алынуға тиіс:
-бюджеттің әрбір табыс көзі бойынша болжамның орындалуы;
-бюджетке төленетін қосымша салықтар мен басқа да міндетті
-берешектің көлемін жою және азайту;
-әлеуметтік қорлармен байланыс;
-жүйені компьютерлендіру;
-есте сақтау қабілеті бар кассалық аппараттарымен жұмыс істеу;
-салық заңын жетілдіруге ұсыныстар жасау;
Осы аталған көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын бірінші басшылар мен облыстық салық комитеттерінің рейтингісі анықталатын болады. Негізгі көрсеткіштермен қатар өзге де факторлар, тіпті еңбек тәртібі, қызметтік міндетті атқару сияқты дүниелер есепке алынады.
3.2.Бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру
Еліміздегі нарықтық қатынас талаптарын байыпты іске асырып, ақпаратпен тиісінше қамтамасыз етіп, басқару жүйесін жетілдіруде бухгалтерлік есеп жүйесінің атқарар ролі өте зор. Бұл аталмыш жүйені әубастан берік қалыптастыру қажет-ақ еді. Өкінішке орай, уақыт өз дегенін істеп бақты да, бұл маңызда шара тек былтырғы жылдан бастап қана қолға алына бастады. Жалпы саны 250 мыңнан астам есеп-қисап жұмысымен айналысатын республикамыздағы үлкен қауым биылғы қаңтардан бухгалтерлік есепті халықаралық стандартқа сай жүргізетін болды. "Ештен кеш жақсы" делік. Бухгалтерлік есептің өз қызметін әкімшіл-әміршір жүйеден нарықтық жүйегге қарай өзгертуі уақыт талабынан туды.
Аталмыш стандарт негізінен шетелдік фирмалар мен Қаржы министрлігі жанындағы Бухгалтерлік есеп жөніндегі департаменттің қатысуымен жасалады. Жаңа жүйені қолдап, оны жүзеге асыру мақсатымызға айналуы тиіс. Алайда, республикамыздағы бухгалтерлер қауымы бұл күнде әр түрлі аласапыранға түсті. Соның салдарынан бухгалтерлік есеп стандарты өз қызметін шын мәнінде атқара алмай келеді. Осыған орай бұл салада қырық жылға жуық қызмет атқарған тәжірибелі маман ретінде бірер ұсыныс жасауды өзіме парыз санаймын.
Ел экономикасының жеке меншіктік жолмен дамитындығын ескере отырып, республика деңгейінде бухгалтерлік есеп және аудиторлық сараптау жүйесіне басшылық жасап, әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарын іске асыратын, бақылау жүргізетін органдардың ара жігі тиісті заң арқылы ажыратылып, қайсысының нақта немен айналысатыны анықталса.