ҚМЖ 6 сынып
Абай Құнанбаев Жаз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: А6. Әсерлі және қызықтырушы сөздерді пайдалану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: өлеңді оқиды, түсінеді, көркемдегіш сөздерді тауып, оқиды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңдегі әсерлі сөздерді қолданып, суреттер мен өлең сөздерін сәйкестендіреді, мазмұндайды;
Кейбір оқушылар орындай алады: жаңа сөздер мен көркемдегіш сөздерді пайдаланып өлеңді талдайды, мазмұндайды.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: өлеңді мәнерлеп оқып, көркемдегіш әсерлі сөздерді табады, мазмұндайды. ТКО әдісі арқылы тапсырмаларды орындайды.
Пәнге қатысты сөздік қор(сөз тіркестері): көкорай шалғын, күркіреген өзен, бұлтылдап, жоғары - төмен, бұрала басып, сабадан құйдырып, кілем төсеп, салтанатты байлар, бәйге атындай.
Суреттерді сәйкестендіруге арналған тірек сөздер: көкорай шалғын, бәйшешек, күркіреп жатқан өзен, жылқылар, үйрек - қаз, қыз - келіншек, сабадағы қымыз, салтанатты байлар, төселген кілем, бәйге аттары.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Алдыңғы оқу
Қызығушылықты ояту 3 мин
(оқушылар туған күндеріне байланысты жыл мезгілдеріне топтастырылады)
Таныстырылым: 3 слайд беріледі: күз, қыс, жаз. Бұл қандай жыл мезгілдері?
Жаз
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...
Бұл өлең қай жыл мезгіліне сәйкес келеді?
Бұл өлеңнің авторы кім?
Сабақ тақырыбын анықталады.
Мақсаты хабарланады
Бағалау дескрипторлары ұсынылады (тақтада көрсетіледі)
Мұғалімнің аты-жөні: Базарова Газиза Советовна
Абай Құнанбаев Жаз . жүктеу