Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Мақсаты:
1. Білімділік: Ондық бөлшектерді салыстыру, олармен амалдар орындау есептерін шығару, дағдыларын қалыптастыру
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту, ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, терминдердің түсіндірмелері, мақал - мәтелдер, сөз тіркестері.
Оқытудың әдісі: практикалық
Пәнаралық байланыс: экономика
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім (М.Әуезов)
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
ІІ. Ойын Білім биржасы
І - тур. Акциялар пакеті, 140 САБ , 15 минут
ІІ - тур. Мақал - мәтел , 5 минут
ІІІ - тур. Акциялар пакеті, 60 САБ , 10 минут
ІҮ - тур. 1 - САБ - қа тең сұрақтар , 5 минут
ІІІ. Рефлексия 2 минут
ІҮ. Үй жұмысын беру. 1 минут
Ү. Сабақ қорытынды. 2 минут
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу, екі топқа бөлу: Сұңқар , Тұлпар
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Экономика әлеміндегі Білім биржасына саяхат жасаймыз.
Әр топтың президентін сайлап аламыз. Білім биржасында клерктер, брокерлер, администратор бар.
Клерк – акция сатушылары, оның қызметі мен өзіме аламын. Клерктер оқушылар жасаған инвестицияларды тіркеп, санап отырады.
Инвестиция - қаржы салу. Оқушылар инвестицияларын деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы жасайды. Тағы көмекке консультант – брокер делдал аламыз. Брокердің қызметі - фирма қызметкері тапсырмаларды орындау барысында есептін дұрыстығына күмәнданып тұрса, брокерлердің қызметімен пайдалануға болады, бірақ көмек үшін оларға акция құндылығының 10 % береді.
Аудитор, брокер, клерк қызметтерін мен мұғалім өзі орындаймын.
Фирма – өндірсітік бірлестік немесе сауда, өнеркәсіп орны.
Клерк – кеңсе қызметкері, акция сатушылары.
Биржа – сауда келісімдері өтетін жер.
Инвестиция - келешекте өсім әкелетін салым.
Брокер – делдал - биржа мүшесі, тұтынушылардың сұрауы бойынша ақылы келісім
жүргізеді.
Аудитор – бақылаушы, тексеруші, құжаттарды тексереді.
Акция – бағалы, құнды қағаз.
Біздің Білім биржасында ақша бірлік ретінде – сабақтың ақша бірлігі САБ деп аламыз.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Майтөбе орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Бескенова Б.А.