Төрт санына қатысты пішіндерді білу

Скачать

Ашық сабақ
Төрт санымен таныстыру
(Естиялар тобы)

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Тақырыбы: 4 санымен таныстыру

Мақсаты: Балаларды 4 санымен таныстыру. Ойлау қабілетін дамыта отырып, 4 көлеміндегі сандардың ретімен аталуын және санауға үйрету, тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.

Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, суреттер, кеспе сандар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, Жаттықтыру, әңгімелесу, ой-қозғау, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу әдістері.
Әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Мен балалар сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізге қарап сіздердің көздеріңнен қуаныш пен шаттықты көріп тұрмын.

Тәрбиеші:- Балалар сіздерді Шаттық шеңберіне шақырамын.
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш көлеңкең үшін рахмет!

Баланың іс-әрекеті: Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің басталғандығын біледі.
Балалар күнмен, аспан атамен, ағашпен сәлемдеседі.
Іздену ұйымдастырушы: Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару.

Тәрбиеші: Балалар, мына суретте жылдың төрт мезгілі бейнеленген. Атап көрейікші. Демек, балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізде төрт санымен танысамыз.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Тәрбиеші:- Балалар, сендер тәуліктің төрт мезгілін білесіңдер ме?
Иә, білеміз олар: таңертең, күндіз, кеш, түн.
Дидактикалық ойын: Топтап жина
Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету.

Сергіту сәті:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамба да.

Дидактикалық ойын: Көршісін тап
Мақсаты: Төртке дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдысын қалыптастыру.
Ойынның ережесін түсініп ойнайды.
Шарты: Балаларға бір сан айтылады сол санның көршісін табулары керек.
Мысалы: 3(үш) айтылғанда үштің көршісі 2 және 4 деп айту керек.
Тәрбиеші:- Балалар 2 санының көршісін кім атап береді?
Досат: 2 санының көршісі 1 саны мен 3 саны
Ақбота: үш санының көршісі 2 саны мен 4 саны. Жарайсың Ақбота!
Үш санының көршісін ата.
Осылайша ойын бірнеше рет қайталанып ойнатылады.

Рефлексті коррекциялау.
Балалар, енді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылай келе Жұлдызай бізге Төрт қадам атты тақпағын айтып береді.
Жұлдызай бізге Төрт қадам атты тақпағын айтып береді.
Жұлдызай:
Ең бірінші қадамың тәй-тәй басу
Тәй-тәй басып, адымдап алға басу.
Ал екінші қадамың қалам алу.
Ал төртінші қадамың үйлі болу.
Төрт қадамың сай келсе, болмас солу.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртуы: Төрт санына қатысты пішіндерді білу;
Қолданылуы: Топтастыру, сандарды бір бірінен ажырата білу әдістерін біледі.
Білуі: 1,2,3 санын және жаңа 4 санымен танысып, ерекшелігін ажырата біледі. Көршілес 3 және 4 санын салыстыра алады. 4 санының төрт бірліктен құралатынын біледі. Осымен сабағымыз аяқталды.


Скачать


zharar.kz