Тақырыбы: Абай Құнанбаев (1845 - 1904)
(реферат презентация түрінде)
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында Ғабитхан деген татар молдасынан бiлiм алды. Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы “приходская школа” деген орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең пәлсапалық ойлары – кейінгі ұрпаққа қалған өшпес мұра.
Абай Құнанбаев кім?
Ұлы ақын
Философ
Табиғат лирикасы
Махаббат лирикасы
Аудармашы
Сыншы
Композитор
Абай және Шығыс - Батыс әдебиеті
Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Науаи, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады. 1885 жылы “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін кейін 1886 жылы “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін жазып бітіреді. Абай Пушкиннің “Евгений Онегин” романынан үзінділерді, Лермонтовтың “Бородино”, “Теректің сыйы”, “Демон”, “Жалау”, “Жартас”, т. б. Ондаған өлеңдерін, Крыловтың “Қазаға ұшыраған қара шекпен”,”Шегіртке мен құмырсқа”, “Бақа мен өгіз”, “Піл мен қанден”, “Есек пен бұлбұл”, т. б. Мысалдарын аударады. Гетенің “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңін орысшадан аударып, ән де шығарады.
Сұрақ - жауап
1. Абай Құнанбаев кім?
Ақын
2. Абай жасынан қандай болды?
Ынталы, зерек
3. Абай Құнанбаев қайда оқыды?
Медреседе
4. Абайдың шын аты кім?
Ибраһим
5. Абай Құнанбаев қай қалада оқыды?
Семей қаласында
6. А. Құнанбаев Гоголь кітапханасында кіммен танысты?
Е. П. Михаэлиспен танысып достасып кетеді
7. Әкесі оны қайда оқуға береді?
Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.
Жылдар құпиясын ашамыз
1. 1845 жылы Абайдың туған жылы.
2. 1860 жылы Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына барады.
3. 1885 жылы “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлеңін жазған.
4. 1904 жылы 23 маусымда дүниеден озды
5. 1889 жылы А. С. Пушкиннің атақты “Евгений Онегин” романын аударды.
6. 1890 жылы “Жазғытұры” деген өлеңін жазды.
7. 1880 жылы Михаэлис Абайды Долгополов пен Леонтьев пен таныстырды.