Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақ категориясы (7 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Етістіктің шақ категориясы туралы мағлұмат беру, шақтық мағынаны білдіретін етістіктің морфологиялық құрылымын ұғындыру.
Дамытушылығы: етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі, ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу, басқа сөз таптарымен байланыстыру.
Тәрбиелілігі: Қазақтың ұлттық дәстүрін, салтын сақтау, адамдар бір - бірінің жай - күйін, тұрмыс - тіршілігін түсіне отырып, бір - біріне қамқорлық жасауын үлгі ету.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Сатылай оқыту деңгейі
Сабақтың көрнекілігі: Шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің морфологиялық құрылымын, жасалу жолын көрсететін кесінді.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырып
Оқулық бойынша жұмыс
Осы негізде Аққу мәтіні жұмыс орындалады.
Өз бетімен жұмыс
Наурыз көже тақырыбына мәтін.
Сурет бойынша жұмыс. Көшет отырғызу
Екті-егіп жатыр
Қазды-қазып жатыр
Көмектестік-көмектесіп жүр
Әкелді-әкеліп тұр
Құйдық –құйып жатыр
Ұнады-ұнап тұр
Деңгейлік тапсырмалар
Үй тапсырмасы: 1). 124-жаттығу 2).Көктем айларындағы мерекелер
Қорыту стратегиясы
Етістіктің шақ категориясы
1. Сөйлеп тұрған кезде болатын іс - әрекет
2. Сөйлеп тұрған кезден бұрын болатын іс - әрекет
3. Сөйлеп тұрған кезде болып кеткен іс - әрекет
Бағалау:Оқушы жетістігін бағалау,марапаттау