Статистика агенттігінің мәліметінше, былтырғы жылы дүние есігін ашқан 3500 астам сәбидің есімі азан шақыртылып Ерасыл қойылыпты. 4300-ге жуық қыз балаға ата-анасы Айзере есімін таңдаған. Бұдан бөлек Әмір, Әлихан, Нұрислам, Санжар, Сұлтан, Әділет, Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Айасыл, Інжу-Маржан, Мадина, Нұрсая, Нұрай, Сабина, есімдері де жиі қойылыпты. Салыстырмалы түрде осыдан 10 жыл бұрын Бекзат, Мейрамбек, Азамат және Аружан, Диана, Дильназ есімдері нәрестелерге көп қойылған екен.