Әдептілік – әдемілік ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: 1) оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға үйрету;
2) танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту;
3) адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, мақал - мәтелдер, кеспе әріптер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қызығушылығын ояту.
Мазмұнды суреттер бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау. (Үлкенге жол беру, орын беру, сәлемдесу.
2. Мағынаны тану.
1. Әдептілік - әдемілік . Тақырыппен таныстыру
2. Топтарға бөлу.
1 - топ Сыпайылық тобы
2 - топ Ізгілік тобы
3 - топ Инабаттылық тобы
3. Әр топқа мазмұнды сурет беріледі. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып, айтып береді.
1 - топ. Автобуста үлкенге орын берген бала туралы сурет.
2 - топ. Ата - анасына үйде көмектесіп жатқан балалар туралы сурет.
3 - топ. Әжеге көмектескен бала туралы сурет.
Әр топ өз әңгімесін ауызша айтады.
4. Сұрақтарға жауап:
- Сен жүгіріп келе жатып біреуге соғып кеттің. Не деу керек?
- Таңертең мұғалімді көргенде не деу керек? Көршіңді, досыңды, танысыңды т. б.
- Бір кісі автобусқа міне алмай жатыр екен. Не істейсің?
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Әдептен озбайық ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
1. Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре - сарсаң әлегің.
2. Атам маған әмәнда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санам да.
Жасы үлкенге жол берем,
3. Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.