Тақырыбы: Салауаттылық – саулық негізі
Мақсаты: 1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
3. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Өткізілу түрі: жаңа мәліметтер беру (әңгіме сабақ)
Өткізілу әдісі: топпен жұмыс, пікір алмасу.
Пәнаралық байланысы: адам және қоғам, психология, социология, құқық негіздері
Жоспары:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Командаларды таныстыру (аты, девизі, эмблемасы)
ІІІ. Әр команда өздеріне берілген тақырыпқа талдау жасау.
IV. Мақал - мәтел жарысы.
V. Ситуациялық жағдаятты талдау.
VІ. Сергіту. Қорытынды.
Барысы:
Оқытушы: Армысыздар құрметті оқушылар! Бүгін бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты Салауаттылық - саулық негізі атты сыныптан тыс шарамызды бастайық.
Елбасының Қазақстан - 2030 жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі.
Бүгінгі шарамыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Денсаулық - зор байлық , Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді данышпан халқымыз. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
ІІ. Командаларды таныстыру (аты, девизі, эмблемасы).
V. Ситуациялық жағдаятты талдау