Химиялық реакция теңдеулері

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері (8 сынып)
Сабақтың мақсаты: химиялық реакция теңдеулерін жазып және оларды санын санай отырып теңестіріп үйренеді. Алған білімдерін жинақтап, жүйелей отырып, өз беттерінше есеп шығарады, тақырыпты тереңірек меңгереді, ұжымшылдыққа тәрбиеленеді.
Негізгі идеялар: химиялық реакция теңдеулерінің жазылуы
Күтілетін нәтиже: жекеше, жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, тақырыпты тереңірек меңгереді
Көрнекіліктер мен материалдар: презентация, кеспе қағаздар, маркер, түрлі - түсті фишкалар
Оқыту әдістері: сабаққа мақсат қою, түсіндіру, есептер шығару, бағалау, кері байланыс
Сабақ кезеңдері және тапсырмалар:
1. Ұйымдастыру (сәлемдесу, сабаққа дайындау)
2. Жаңа сабақ түсіндіру
- жаңа сабақ түсіндірмес бұрын оқушылардың өздеріне сабақтың мақсатын қойғызу (мұғалім ақ қағазға жазып тұрады).
- мұғалімнің сөзі: Біз ең алғаш әліппені оқығанда әріптерді оқыдық, одан кейін сөздерді оқыдық, одан кейін сөйлем құрап жаздық. Сол сияқты химия пәнін оқығанда ең бірінші таңбалар мен таныстық, одан соң валенттілік арқылы формула құрастырдық, енді балалар таңбалар арқылы химиялық теңдеу жазып үйренеміз.
- өткен сабақты қайталау (бір оқушы шығарып бір - екі таңба жазғызу, бір оқушы шығарып бір - екі формула жазғызу валенттіліг бойынша)
- теңдеу жазу; теңдеу жазу қағидалары слайдта көрсетіліп тұрады және мұғалім түсіндіріп өтеді;
Қағидалар:
1. Теңдеудің сол жағына реагенттердің формулалары жазылады, олардың өзара әрекеттесетінін көрсететін қосу (+) таңбасы қойылады, және жаңа өнімге айналу бағытын көрсететін бағдаршам қойылады;
2. Теңдеудің оң жағына реакция нәтижесінде түзілетін өнімдердің формуласы жазылады;
3. Бастапқы реагенттердің атомдарының саны мен өнімдердің атомдарының саны тең болу керек. Осыған орай теңдеуде жазылған заттардың химиялық формуласының алдына коэффициенттер қойылады.

Химиялық реакция теңдеулері. жүктеу


Скачать


zharar.kz