Сабақтың барысы.
Тәрбиеші:
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей балалар
Сәлемдесіп алайық.
Шығармашылық. Сурет
Тақырыбы: Көбелек
Ұйымдастыру. Сабақтың барысы.
Тәрбиеші:
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей балалар
Сәлемдесіп алайық.
Балалар амандасу: Армысың аспан әлемі,
Армысың мейірімді Жер - ана
Армысың менің достарым,
Сәлеметсіңдер ме қонақтар.
Ендеше балалар бүгін біздер сурет сабағында көбелектің суретін саламыз. Балалар олай болса бірінші көбелек өзі қандай жәндік?
Балалар: Ұшатын.
Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар! Мына суреттің ішінен маған көбелекті тауып беріңдерші.
Суреттер көрсетіледі.
Көрінеді көп көбелек,
Көл бетінде көлбеңдеп.
Кестеленген қанатын,
Кербез қағады көргін деп.
Балалар:
Көбелек - ау көбелек,
Әдемісің керемет.
Гүлге келіп қона ғой,
Өзіңде гүл бола ғой.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Мына тақтадағы суреттерді қараңдаршы қандай әдемі көбелектер.
Ендеше балалар мен бәріне мынадай жартылай салынған көбелектерді беремін енді ары қарай сендер үзік сызықтарды бастырып, көбелектің жартысын аяқтаңдар.
Тәрбиеші: Балалар шаршаған боларсыңдар Сергіту жаттығуын жасайық.
Хормен:
Біз бақытты баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы серігіп қаламыз.
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Өте жақсы балалар. Кәне балалар болсақ әкеліп көрсетеміз, бағаланайық.