Ана туралы өлең

Скачать

Сабақтың тақырыбы: В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов Ана
Жалпы мақсаты: Орыс жаушысы В. Сухомлинскийдің Ақ шаш мәтінінің негізгі мазмұнын ашу және Ғ. Ормановтың Ана өлеңінің мағынасын терең түсіндіру.
Міндеттері: Мәтіннің, өлеңнің мазмұнын мағынасын ұғындыру. Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсіндіру. Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада екенін жеткізу.
Оқу нәтижелері: Мәтіннің, өлеңнің мазмұнының мағынасын ұғынады. Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсінеді. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада екенін жеткізеді.
Сабақтың түрі, әдіс - тәсілдері: Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер - топтық жұмыс, сұрақ – жауап, талдау, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін - өзі бағалау, қорыту.
Көрнекілігі: слайд - суреттер, топтық тапсырмалар, бағалау парағы, көңіл - күй дидары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін біледі, өз ойларын жеткізе алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныппен сәлемдесу.
Тренинг Гүл шоғы
Мұғалім өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір - біріне жақсы тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте - бірте көбейіп, мұғалімнің өзіне бір құшақ гүл Тілектер шоғы болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралатынын көрсету.
Сынып оқушыларын топқа отырғызу.(түстер арқылы топқа бөлу, қызыл, сары, жасыл)

II. Ой қозғау.
Үй тапсырмасына шолу жасау
1 - топ С. Бегалин кім Мейірімділік – адами қасиет
2 - топ Шоқанды сипатта.
Топ Адамгершілік
Басбармақ арқылы формативті бағалау.
Бірін - бірі бағалайды.

III. Ой дамыту Топпен жұмыс.
Негізгі ойды анықта, түйін.
(Мақал және жұмбақ оқи отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу.)
Анаға қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада
Бала, бала бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.(Ана)
Ана - кім? Сұрағына жауап алу.(қамқоршы, дос, саған өмір сыйлаушы, ақылшы, жанашыр, мейірімді жан, пана, аяулы жан)
- Олай болса біздер бүгін ана туралы орыстың ұлы ғалымы В. Сухомлинскийдің Ақ шаш мәтіні мен Ғ. Ормановтың Ана өлеңімен танысамыз.
IV. Тұлғаны танып біл
Ақын, жазушылардың суреттерін көрсете отырып, олар туралы мағұлмат беру.
- В. Сухомлинский кім? Оның қандай шығармаларын оқыдық?
Ғани Орманов туралы түсіндіру.
1 - Топ. Мәтінді рольге бөліп оқу.
2 - Топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3 - Топ. Ақ шаш мәтіні мен Ана өлеңін салыстыру.
Формативтік. Бірін - бірі бағалау.
V. Сергіту сәті.
Ана туралы өлең.
(Өлең айту арқылы көңілдерін көтеру)
VI. Өз беттік жұмыс.
Әр оқушыға жүрекшелер беріледі. Сол жүректеріне анасына арналған жылы тілектерін жазып оқиды.
Формативтік бағалау. Өз - өздерін бағалау.
VII. Кері байланыс.
- Біз не білдік?
- Біз не үйрендік?
- Нені білгің келеді?
Формативтік бағалау. Өз - өзін кері бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: Мен анаммен мақтанамын шығарма жазу.
Мәтінді оқу, өлеңді жаттау.(күнделікке жаздырту)
IX. БАҒАЛАУ. (СМАЙЛИКТЕР)

Атырау қаласы,
Жалпы білім беретін №37 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Рысқалиева Сабила Мұратқалиқызы


Скачать


zharar.kz