Өлеңді көшіріп жазу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Сабақтың мақсаты: Қ дыбысынан аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса, Қ дыбысының Ғ дыбысына айналатынын меңгерту.
Білімділік: Қ дыбысының барлық буындарда келе беретінін, ал Ғ дыбысының сөз басында және ортасында келетінін, сөз соңында жазылмайтынын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың байқампаздығын, ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жазу коллеграфиясына көңіл бөліп, көркем жаза білуге баулу, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: проблемалық, ізденушілік.
Көрнекіліктері: плакат, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қай тапсырма болса да
Орындамай қоймайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(119 – жаттығу тексеру)
М: Сөздерге у дыбысы жалғанғанда қандай өзгеріс болды?
О:
М: Тап, жап болып айтылады
Ой ашар. (тақтадан оқу)
Қолғап – қолғабы
доп - добы
Тәртіп – тәртібі
қорап - қорабы
Талап – талабы
мектеп – мектебі
М: Сонымен, кім ережесін айтып жібереді?
О: П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б дыбысына айналады.
М: Енді балалар, мына сөздерді оқып көрейік.
Қалақ – қалағы ---------------- қасық - қасығы
Ұшақ – ұшағы --------------------- қалпақ - қалпағы
Мысық – мысығы --------------------- пышақ – пышағы
М: Балалар, алдыңғы берген ережені осы оқылған сөздерге де айтуға бола ма? Ендеше қайта айтайық. (1 - 2 баладан сұрау)
О:
М: Тек нені өзгертіп айттыңдар?
О:
М: Сонымен біздің жаңа сабағымыз Дауыссыз қ мен ғ деп аталады.
121 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Күрделі тапсырманы орындау. Сөз соңындағы қ дыбыстың ғ дыбысына айналды.
Ой қозғау.
М: Балалар, кітаптағы ережені оқимыз. Не байқадыңдар? Ұқсас па? Айырмашылығын тап. Айырмашылығы – ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Ауызша қ дыбысының сөз соңында жазылмайды. Осыған байланысты 120 - жаттығу жараймыз. Ауызша қ дыбысының соңында, басында, ортасында жазылып, аяғында жазылмайтынына көз жеткізу.
Көркем жазу
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Екі қанат жаямыз
Қарлығаш боп ұшамыз
Көк аспанды құшамыз
Жерге келіп қонамыз.
Орнымызды табамыз.
М: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
О:
М: ия, 25 қазан Республика күні. Сол мерекеге байланысты, қазір Терме диктантын орындаймыз. Мен өлеңді оқып беремін, сендер тыңдап отырып Қ дыбысынан естілген сөздерді теріп жазасыңдар.
Ақжайық, Алтай арасы,
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
М: Бұл өлеңде Ақжайық, қазақтың, шалқар, қарашы. Ережеге сәйкес келетін сөздер бар ма? Болса ережеге сәйкестеп айтайық.
Ақжайық – Ақжайығы
Қазақ – қазағы
М: Автор өлеңді қандай сезіммен жырлап тұр?
О:
Ойын: Тізбек дидактикалық ойын
Шарты: Жапырақтың сыртына жазылған сөзге бір оқушы ы дыбыстарын қосып айтып, артында отырған оқушыға береді. Ол оқушы сол сөзбен сөйлем ойлайды. Мыс: сабақ - сабағы. Асан сабағына дайындалды. Орақ, ұршық, қабақ, жолақ, парақ.
Жеңген қатарды шығару.
М: Сонымен, біз бүгін қандай ережемен таныстық?
О:
Үйге тапсырма беру
М: 123 - жаттығу, ереже жаттау
Бағалау
М: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау әдісі арқылы бағалаймын.


Скачать


zharar.kz