Баялды (баклажан) – 2 - 3 бас
Сарымсақ – 3 - 4 түйір
Майонез – 3 - 4 ас қасық
Аскөк (укроп) – майда туралған 1 ас қасық
Тұз – қалауыңызша
Грек жаңғағы – майдаланған 2 ас қасық
Қызанақ – 2 - 3 бас
Дайындау тәсілі:
Баялдыны (баклажан) жуып алған соң, түп жағын кесіп тастаңыз да қалыңдығын 5 мм етіп тураңыз. Дөңгелектеп немесе ұзынынан, қалауыңызша. Тұз сеуіп 5 - 10 минутқа қалдырыңыз.
Оған дейін баялдыға жағатын қою жақпа дайындау қажет: 4 - 5 қасық майонез, майдаланған жаңғақ пен сарымсақ, укропты салып араластырыңыз.
Баялдыны салқын сумен жуып жіберіңіз де, табаға аздаған май құйып қуырыңыз. Баялды майды сорып алатын болғандықтан, майды шетінен 1 - 2 қасықтан құйып тұрып, қуырған жөн, әйтпесе тым майлы болып кетеді.
Баялдының бәрін қуырып алған соң, бір-бірлеп алып жақпаны 1 шай қасықтан жағып ораңыз. Ортасына жұқа кесілген қызанақты салуға болады немесе қасына турап қоюға да болады. Оңай салат түрі дайын, асыңыз дәмді болсын!
Пайдалы кеңес.
●Баялдының (Баклажан) құрамында соланин болғандықтан ащы дәм шығады. Егер ащы дәм шықпасын десеңіз, туралған баялдыны тұзды суға 15 - 20 минут салып қойыңыз. Осы уақыт ішінде ащы дәмі жоғалады.
● Ащысын кетірудің екінші тәсілі – баялдыны турап, үстіне тұз сеуіп 10 минутқа қалдырыңыз. Соңынан салқын сумен жуып жіберіңіз.
● Баялды қалпын бұзбасын десеңіз қабығын аршымаған жөн.
● Баялдыны қатты отта қуырса қарайып кетпейді.
● Баялды майды көп сіңіретін болғандықтан майдың мөлшерін өлшеп құйған дұрыс, әйтпесе тағам майлы болып кетеді. Оның қарапайым жолы: туралған баялдыны екі жағын майлап алып, құрғақ табаға қуыруға болады.
● Баялдыныға арналған жақпаларды түрлі өнімдерден дайындап ұсынуға болады. Дәміне қарай: ірімшік, саңырауқұлақ, қызанақ, анар дәндері, көкөністер.
Түрлі тағам рецептін поштаға жолдауға болады немесе әлеуметтік парақшамызға жүктеуге болады
Дайындаған: Асыл.